Қажымұқан ролінде ойнаған актер Әлеухан Бекболатұлы өмірден озды

 Әйгілі палуан, цирк әртісі Қажымұқан Мұңайтпасовтың ролінде ойнаған актер Әлеухан Бекболатұлы кеше, 19 қаңтарда өмірден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі журналист Ескендір Ертаевқа сілтеме жасап.

Ертаевтың айтуынша, өнер иесі жүрегі сырқатынан қайтыс болды. Марқұмды шығарып салу рәсімі 20 қаңтар күні Қарағанды тас жолындағы "Райымбек" дәмханасында өтеді.

Әлеухан Бекболатұлы 1955 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында туған. Ол Қажымұқанның роліне жүздеген үміткердің арасынан іріктелген.

Режиссер Сұлтан-Ахмет Қожықовтың "Знай наших" фильмін "Қазақфильм" киностудиясы 1985 жылы түсірді. Фильм сюжеті бойынша, ХХ ғасырдың басында қазақтың палуаны Қажымұқан үлкен аренада белдеседі. Бұдан кейін палуан Парижге барып, жеңіске жетеді. Айта кетейік, фильмде Әлеухан Бекболатұлы, Дмитрий Золотухин, Александр Фуфачев, Сослан Андиев, Фёдор Сухов, Аскольд Макаров, Елена Акифьева, Георгий Мартиросян сияқты актерлер де ойнады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста