ҚазҰУ – мүмкіндіктер мекені

ҚазҰУ – мүмкіндіктер мекені

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі оқу орындарының бірі де бірегейі. Қаншама түлектің арманына айналған ҚазҰУ –да оқу бақыты бізге бұйырыпты. ҚазҰУ – қаншама жалынды жасқа бағыт-бағдар, мүмкіндік берген қара шаңырағымыз. Бұл мекенге келгелі шынайы достықтың не екенін ұғындық, нағыз білім жолына аяқ бастық.

ҚазҰУ – мүмкіндіктер мекені. Бұған анық көзіміз жетті. Осы оқу орнында оқу – басты арманымыз болған еді. Арманымызға қол жеткіздік. Білім қуып келген қаншама білім құмар қатарластарымызбен таныстық. Бәріміздің мақсатымыз бір – білім шыңына шығып, еліміздің болашағына үлес қосу. ҚазҰУ басымызды біріктіріп, жолымызға жарық нұрын шашқандай. ҚазҰУ-дағы өмір күннен-күнге қызыққа толы болып келеді. Біліммен қатар активисттік қырымыздан да танылып келеміз. Күн сайын өткізілетін іс-шаралар бізді рухани жағымыздан дамытып, білімге деген құштарлығымызды ашатындай. Студенттік шақ – әр адамның басынан өмірінде бір-ақ рет өтетін балғын кезең. Біздің студенттік өміріміз дәл осы қалашықта өтіп жатқанының өзі бір бақыт. Үлкен аға-әпкелеріміздің студенттік өмір қызықтарын есту бір ғанибет еді, енді осының бәрі өз басымыздан өтуде. Қызығы мен шыжығы мол менің оқу ордам! Үздіктердің үздігі, білімділердің мекені.
Шындығында Тарих факультетінің «архив, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету» мамандығына түскен кезде архив туралы көзқарасымыз мүлдем басқа болған еді. Алайда 4 жыл білім ала келе біз өз мамандығымыздың маңызын, мәнін түсіндік. Бұл бағытта дұрыс пікір қалыптастыра білгенімізге «Автоматтандырылған архивтік технологиялар» пәнінің ықпалы өте үлкен болды.Себебі, оқытушымыз Раушан Ерболқызы архив саласына жаңа көзқарас қалыптастыра білді. Ең алдымен,лекциялардағы тың ақпарат пен семинар сабақтарының жаңа бағытта өтілуін атап өткеніміз жөн. Біздің есімізде қалған басқа мемлекет архивтерінің сүшесі ретінде өткен сабақтарымыз бен жаңа шет елдік мақалаларды тануымыз.Топ ішіндегі дебат.Жаңа бағытта өтілген сабақ қашанда студенке қызық. Шындығында, архив тек шаң басқан сөрелер емес, архив еліміздің ертеңі, болашағы, тарихымыздың қайнар көзі.
Бір сөзбен айтқанда, осы қара шаңырақта білім алып жатқанымызды мақтанып айта аламыз. Болашақ жастардың қолында. Еліміздің болашағын бірге қалайық. Біз осы шаңырақтың берген тәлімі мен білімі арқасында биік белестерді бағындыратынымызға сенеміз. ҚазҰУ – құт мекенім!
Куванова Шолпан
Жылқышинова Тоғжан

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих факультетінің 4-курс студенттері

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста