Таяуда әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқиын студенттер арасында жоғары орнының ең сұлу аруы анықталды. Тартысты бәсекеде ҚазҰУ-дің әр факультетінде оқитын қыздар бақ сынасты.
«ҚазҰУ аруы – 2015» байқауында бойында иманы мен тәрбиесі, ақылы мен инабаттылығы жарасқан қыздарымыз өзара бақталасты. Сұңғақ бойлы, сұлулығы көз тартар қыздарымыздың «ең, ең» дегенін анықтау, қазылар алқасы үшін де қиынға түсті. Қазылар алқасы құрамында елімізге белгілі әнші Аша Матай, Ольга Ким төрелік етті. Дегенмен тұлпарда, тұлпар озар жарысқанда демекші, үздіктің үздігі анықталды. ҚазҰУ-дың аруы атағына айдай сұлу аруымыз Байсеңгірова Айсұлу лайықты деп табылды. Айсұлу химия факультетінің 3 курс студенті. ҚазҰУ жастары кез келген жарысқа қашанда сақадай сай болатындарын тағ,ы бір мәрте ділелдеді. Сондықтан болар кез-келген додада жүйрікті анықтау қиынға соғады. Тек сахна, өнер-би жағынан ғана емес ең бірінші білім жағынан да жарқ етіп көзге түсер студенттеріміз аз емес. Біз солармен мақтанамыз!