Қазақтың құр мақтаны шынға айналды

Мансұр ХАМИТ (фото)

Баға жетпес рухани қазынамыздың тағы бір саласы тасқа басылып, бүгінгі және кейінгі ұрпақ үшін өшпейтін мәңгілік асыл мұраға айналды. «Қазақтың 1000 әні» жинағы жарыққа шықты. Осынау айтулы оқиғаның құрметіне өткен жұма күні кешкілік Астанадағы «Қазақстан» сарайында мерекелік концерт өтті.

Бірден айтайық, Елбасының тапсырмасы бойынша, «Мәдени мұра» ұлттық-стратегиялық жобасының аясында жасалған бұл антологияға қазақтың тұрмыс-салтына негізделген ғұрыптық әндері – Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан жерінде тұратын қазақтар айтатын бесік жыры, сыңсу, аужарлар, тойбастарлар, жарапазандар, дауыс салу-жоқтаулардың түр-түрі, авторлары ұмытылып кеткен халық әндері мен ХІХ ғасырдан бергі кәсіби халық композиторларының әндері толықтай енгізілген. Қысқа қайырсақ, Арқа, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу, Сыр және Алтай-Тарбағатай (шығыс) өңірлерінің әндері мен әншілік мектептерін тегіс қамтыған. Ал бұл дегеніңіз, кезінде Затаевич тәнті болған, Потанин таңғалып, Горький тамсанған өнерпаз халқымыздың ән қазынасының айнасы, өзгеге мақтанатын, өзіміз мәңгі қадірлейтін асыл мұрамыздың көрнекті айғағы болып қалмақ. Мұны еліміздің мәдениет министрі, қазақ руханиятының үлкен жанашыры Мұхтар Құл-Мұхаммед мырза әдемі жеткізді. Сөзін профессор Затаевичтің 1925 жылы қазақ әндерінің тұңғыш жинағын шығаруынан бастап, Григорий Потаниннің «маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деген өзге жұрттың риясыз пікірлерін тілге тиек еткен министр төңкеріске дейінгі ең үлкен 89 томдық орыс энциклопедиясының 29-томындағы қазақтарға арналған мақалада айтылған аңызды да ұмытпады.                                          

Аңызда да шындық бар
«Баяғыда бақыт құсы сияқты аспанда ән құсы ұшқан екен. Сол биік таудың бау­райын­да, әсем табиғаттың аясында тас бұлақтың жағасында табиғатпен емін-еркін араласқан қазақтардың ән салған, сауық құрған өмірін көрген кезде жер бауырлап ұшыпты. Ән құсы жер бауырлап ұшқан жердің бәрі ән мен күйге бөленіпті. Сондықтан қазақтар жер бетіндегі ән мен жырды сүйетін халық болып шыққан екен» дейді бұл аңыз. Осы аңызда бір шындық барын айтқан министр: «Арқадағы Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Мәди, Естай, Балуан Шолақ бастаған ғажап ән дәстүрі дүниеге келді. Оған қо­сым­ша шығыста Бүркітбай, Ноғайбай сияқ­ты ХІХ ғасырдың дүлдүлдерімен қа­тар, ХХ ғасырдағы Жәнібек Кәрменовке дейінгі тамаша ән мектебі қалыптасты. Қазақтың батысында Мұхит, адайдың Жеті Қайқысы, одан беріде бүгінгі Қатимолда мен ән өнерін биікке көтеріп жүрген Айгүл қарындасымызға дейінгі батыстың ән мектебін қайда қоямыз? Кешегі Кете Жүсіп, Ешнияз сал, Біроңғар бастаған Көшенейдің Рүстембегіне дейінгі Сырдың сүлейлері ше? Я болмаса, Қапез, Кенен атама дейінгі Жетісудың ән мектебі бүкіл қазақ даласын әнге бөлеп тұрған жоқ па?» – деп, қазақты ән қанатында тербеткен әншілер мен сал-серілерді түгендеп бір тоқтады.
Бүкіл қазақ даласы ән салғандай...
Қазақтың бір әнінде: «Ақ көйлегім бар дейсің, оның неге кимейсің? Сүйген жарым бар дейсің, оны неге сүймейсің?» – дегені секілді, «Мың әнім бар дейсің, сол мың әніңді неге жарқыратып көрсетпейсің? Әуелетіп салмайсың?» – деп, күпті көңіл­мен күдікті сұрақ қоятындар да кейінгі кезде көбейді. Мінеки, солардың бәріне бүгін жар­қыратып, жайнатып, елорданың төрі­не, Ақорданың іргесіне Қазақтың 1000 әнін алып шықтық», – деген Мұхтар Құл-Мұхаммед осы мерекенің ағайынға құтты, қайырлы болуын тіледі.
Осыдан кейін мерекелік шара концертке ұласып, «Қазақстан» сарайына лық толған халықты «Қазақтың 1000 әні» антология­сына кірген, белгілі әншілеріміздің орын­дауындағы Арқа, Батыс Қазақстан, Маң­ғыс­тау, Жетісу, Сыр және Алтай-Тарбағатай өңірлерінің ән-шашулары ерекше күйге бөлеп, бүкіл қазақ даласы ән салғандай әсер қалдырды. Әрбір ән орындалған сайын әншілерге ерекше ілтипат білдіріп, қол соғып отырған халайықтың Сегіз серінің «Гауһартасын» Бибігүл Төлегенова шырқағандағы ризашылығы тіпті керемет болды. Сексеннен асса да бұлбұл үні құмықпаған асыл апамыздың әніне еліткен біз тіл ұшында «...анаңнан сені тапқан айналайын» деген ән тіркесін еріксіз қайталай бердік. Мұндай сезім зал толы барша халықтың да бойын билегені әншіге деген ерекше ықыластан көрініп тұрды.

Қаперге
 Орыс жазушысы М. Горький кезінде Затаевич жина­ған «Қазақтың 1000 әні» жинағын қарап шық­қан соң: «Бұл болашақ Бетховендер, Моцарттар, Шопендер, Мусоргскийлер үшін баға жетпес қазына ғой!» – депті. Ал ол кітапта 46 әннің ғана мәтіні болған екен.
Брусиловскийдің төрт бірдей операсы – «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Дудар-ай» Затаевич құрастырған «Қазақтың 1000 әні» жинағынан алынған әндерден тұрады. Композитор тек «Қыз Жібек» операсында ғана қазақтың 30-ға жуық әндері мен күйлерін пайдаланыпты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста