Қазақстанның жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың қоры қанша?

Оларды ұқыпты игеру ісі қашан жолға қойылады? Бүгін осы мақсатты көздейтін маңызды құжат Мәжілістің жалпы отырысына ұсынылды.

Рауан Мыңбаев, тілші:

– Жаңа заң жобасы бойынша, «бірінші келген бірінші алады» деген қағидасы енгізілгелі жатыр екен. Бұл тұрғыда депутаттардың ой-пікірі қандай? Зерттеушілердің бағалауы бойынша, еліміз табиғи ресурстар қоры бойынша әлемде алтыншы орын алады. Менделеев кестесіндегі 110 элементтің 99-ы Қазақстанның жер қойнауынан табылады және оның 60-ы бүгінгі күні нақты пайдалану үстінде.

Қыркүйек айының аяғында Парламент Мәжілісінің қарауына «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс келіп түсті. Инвестициялар және даму министрлігі мен Энергетика министрлігі бірігіп түзген бұл құжат еліміздегі көмір сутегі шикізатын игеру мен пайдалану мәселелерін реттеуге бағытталған. Атап айтқанда, геологиялық барлау саласына инвестор тарту, салық жүйесін оңтайландыру, заң жобасындағы әкімшілік кедергілерді алып тастау, сарқылған кен орындарының қоршаған ортаға кері әсерін болдырмау тетіктері жаңарған.

«Кодекстің басты мақсаты – халықаралық стандартқа көшу», – дейді министрліктегілер.

Жаңа Кодексте жер қойнауын пайдаланушылар мен инвесторлар үшін рәсімдерді барынша жеңілдету ұсынылып отыр. Нақтыласақ, жер қойнауын пайдалану құқығын австралиялық «бірінші келген бірінші алады» деген әдіске негізделген жеңілдетілген тәртіппен жүргізу жоспарда бар. Қағида мынандай, жерді қаздың ба, соңынан жинастырып кет. Егер жер қойнауын пайдаланушы жою бағдарламасын іске асыра алмай қалса немесе банкротқа ұшыраса ғана мемлекет кен орнын жоюмен айналысады және сонда ғана мемлекет қамтамасыз ету шаралары арқылы оның қаржысына қол жеткізіп, оның орнына кен орнын жояды.

Айта кетейік, елімізде барлау жұмыстарын жүргізу үшін лицензия алу немесе келісімшарт құжаттарын рәсімдуге 12-18 ай уақыт кетеді екен. Ал жаңа құжат бойынша бұл мерзімді 10-12 күнге қысқарту көзделіп отыр.

Сондай-ақ заң жобасында геологиялық барлауды ынталандыру мақсатында бірқатар салық біріктірілген. Соңғы жылдары геология саласына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіле бастады. Минералдық-шикізат қорын толықтыру үшін геологиялық зерттеуге мемлекеттік бюджеттен соңғы 5 жылда 43 млрд теңге бөлінген. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 5 жылда пайдалы қазбалардың басым түрлерінің болжамды ресурстары мен қорлары өсе түскен. Ал, 2017 жылы геологиялық барлауға бюджеттен 9,8 млрд теңге бөлінген.

Пайдалы қазбалар қорының биылғы өсімі мынадай: алтын қоры –26,1 мың тоннаға, күміс қоры – 13,7 мың тоннаға, мыс қоры – 1,5 млн тоннаға, темір кені -15,9 млн, мұнай қоры – 51,9 млн тоннаға өскен.

24.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста