2017 оқу жылы ұйымдасқан түрде басталуы мақсатында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде желтоқсанның 2-і мен 9-ы аралығында жауынгерлік әзірлік мәселелері бойынша тактикалық-саптық сабақтар өткізілуде.
Тактикалық-саптық сабақтар «қарапайымнан күрделіге» қағидаты бойынша өткізілуде. Ең алдымен, бөлімшелер мен взводтар деңгейінде, әрі қарай роталар мен батальондар, әскери бөлімдер, өңірлік қолбасшылықтар (әскертектері), содан кейін әскер түрлері деңгейінде және Қарулы Күштер ауқымында өтеді.
Бұл сабақтардың мақсаты жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру және арналуы бойынша тапсырмаларды орындау барысында әскерлерді басқару кезінде басқару органдарының (щтабтардың) жұмыс жасау үйлесімділігін арттыру, ҚарулыКүштердің хабардар етілу жүйесін тексеру, жасақтаушы жергілікті әскери басқару органдарымен, басқа да әскерлер және әскери құралымдармен әскери бөлімдердің өзара іс-қимылын ұстап тұру болыпт абылады.
2 желтоқсан күні Қазақстанның Қарулы Күштерінде «ҚарулыКүштердің 25 жылдығына – жоғары жауынгерлік әзірлік!» ұранымен жаңа оқужылы басталғанын естеріңізге сала кетейік.
Баспасөз қызметі