Қазақстан бойынша 2021 жылғы 31 шілде – 2 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның батысында тағы да ыстық болады деп күтілуде. Синоптиктер ел аумағына құрғақ ауа массалары келетінін айтты.
“Тамыз айының басынан бастап, Иранның аудандарынан елдің батыс жартысына жылы және құрғақ ауа массалары келе бастайды. Олар жауын-шашынсыз ауа райын орнатады және ауа температурасының 33-38-ге, кей жерлерде 43-ке дейін көтерілуіне әкеледі. Алайда, республиканың қалған аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болады – мұнда жаңбыр жауады. 31 шілдеде оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, оңтүстік және оңтүстік-шығыста екпіні 25 м/с, шаңды дауыл күтіледі. Ауа температурасының күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 27-36 жылыға дейін көтерілуі күтілуде, оңтүстікте 35-40 жылылық сақталады”, – дейді синоптиктер.