Қазақстанның екі жерсерігі ғарышқа ұшады

Қазақстанның екі жерсерігі ғарышқа ұшады

Биыл ел тарихында алғаш рет Жерді қашық­тан бақылаудың қазақстан­дық жерсерігі ғарыш­қа ұшырылады. Оның маңыз­дылығы сол – қазақтың кең-бай­тақ жерін ғарыштан бақы­лау арқылы сан алуан табиғи апаттарды болжап қана қой­май, шекара аймағындағы түрлі қозғалыстарды қадаға­лауға болады. Бұл – ұлттық қауіпсіздіктің кепілі. Содан бо­лар, Қазақстанның осындай жерсерігін ұшыру бойынша Астанада өткен халықаралық семинарға Германия, Ұлыбри­тания, Испания, Жапония, Түркия, Сербия сияқты елдер­дің арнайы өкілдері де келді.
Негізі, бүгінде Жерді қашықтан бақы­лаудың екі бірдей қазақстандық жерсері­гін ғарышқа ұшыру жоспарланып отыр. Оның бірі – орта дәлдігі бар аппарат ағым­дағы жылдың қазан-желтоқсан айларында Ре­сей­­­дің «Ясный»  алаңынан ғарышқа ат­тан­­­са, жоғары дәлдігі бар екінші спутник келесі жылдың аяғында Францияның «Куру» ғарыш айлағынан ұшырылады. Әлбетте, осы жерде «Қазақстан ол аппа­рат­тарды неге өз жерінен, яғни «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырмайды?» деген сауалдың туындайтыны хақ. Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев оның себебін былай деп түсіндірді: «Мәсе­лен, жоғары дәлдігі бар жерсерігінің өзін­дік техникалық құпиялары бар. Сондықтан француз жағы оны өз жері­нен ұшыруды жөн көрді». Айта кетейік, екін­ші спутник EADS ASTRIUM фран­цуз ком­паниясының қатысуымен құрастырыла­ды. Ал биыл ұшырылатын орта дәлдігі бар жерсерігін Ресейдің ғарыш айлағынан ұшыру­дың нақты себебі белгісіз. Бір нәрсе анық – бү­гінде осы аппаратты қазақстандық зымы­ран тасығышы негізінде орбитаға жет­кізу жайы қарастырылып жатыр. Осы жерсерік­терінің екеуі де өзге елден ұшырылса да, өз жерімізден, дәлірек айтсақ, Астана қаласы­нан басқарылатын болады. Бүгінде бұл жер­де Жерді қашықтан зондтаудың (бақылау – авт.) ғарыштық жүйесі құрылу­да.      
Ғабдуллатиф МЫРЗАҚҰЛОВ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ президентi: 
– Биыл жерден басқару инфрақұ­рылымы толығымен салынып бiтедi. Жыл соңында орта дәлдiктi жерсерiгi ғарышқа ұшырылғаннан кейiн, оны өзiмiздiң инфрақұрылым­мен басқарып отыратын боламыз. Келесi жылы жел­тоқ­санда жоғары дәлдiктi жерсерiгiн ұшыру жоспар­лануда. Оны да өзiмiзден басқара­мыз. Қазiргi таңда жерден бас­қа­ру орталығы дайын. Тамыз айында бiздiң француздық әрiптестерiмiз EADS ASTRIUM  компаниясы барлық технологияларды орнатады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста