Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды
Ертең, жексенбі күні республикамыздың басым бөлігінде күшті жел тұрып, найзағай ойнап, жауын-шашынды болады
"Қазгидромет" таратқан мәліметтерге сүйенсек, 17 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, соңы жауын-шашынға ұласады деп болжануда.
Маңғыстау облысында түнде жауын жауып, кей жерлерде найзағай мен бұршақты дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде 15-20 м/с.
Ақтау қаласында түнде найзағай, жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 18 м/с дейін жетеді.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс пен оңтүстіктен жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Петропавл қаласында да оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін күтіледі.
Ақмола облысында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен, жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.
Көкшетау қаласында да найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, түнде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.
Атырау қаласында 17 мамыр күні түнде қатты жаңбыр. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 18 м/с болады деп күтіледі.
Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады. Күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай күтіледі, бұршак жаууы мүмкін.
Мегаполистердегі ауа райы
Нұр-сұлтан қаласында күн күркіреп, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз +25, түнде + 12.
Алматыда жаңбыр жауады, ауа температурасы күндіз +18, түнде +14 болады.
Шымкентте жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз + 22, түнде +11.