Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет Қазақстанның он облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы, Қонаев қалаларында 10 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз секундына 20 метрге дейін жетеді.

Жетісу облысында, Алматы облысында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде жолдарда көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні секундына 22 метрге дейін жетеді.

Жетісу облысында 10 наурызда түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман күтіледі.  Алакөл маңында шығыстан жел соғады, екпіні секундына 20 метрге, кейде 28 метрге дейін жетеді. Талдықорған қаласында да түнде тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстікте тұман. Облыстың солтүстігі мен шығысында секундына 20 метрге дейін жел соғады.

Батыста Маңғыстау облысында және Ақтау қаласында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Тау асуларында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста