"Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақша еркін сөйлеуі керек!": Еліміз бұл межеге қашан жетеді

Қазақстандағы орыс мектептерінде 1958 жылдан бері қазақ тілі оқытылып келе жатқанымен, бұл мектептерді бітіргендердің ішінде қазақшаны жетік меңгеріп шығатындар аз. Орыс мектептерінің оқушыларына мемлекеттік тілді үйрету үшін жылда ел бюджетінен миллиондаған қаржы бөлініп, түрлі әдістемелер мен оқулықтар алынады. Бірақ, Мәжіліс депутаты Наталья Дементьеваның айтуынша саны көп бұл оқуылықтардың сапасы сын көтермейді екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-ші арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Елімізде Тілдерді дамыту бағдарламасы бойынша былтыр қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілінде еркін сөйлеуі керек болған. Бірақ, бұл мақсатқа жетпедік. Мәжілісмен Наталья Дементьева "қазір де қазақша үйреніп, қазақша сөйлеп қарық қылғанымыз шамалы" дейді. Орыс мектептеріндегі оқушылардың қазақшасы тек қазақ тілі пәнін оқығанда ғана пайда болады. Сол үшін олардың сабақтан тыс, күнделікті қазақша сөйлеуі үшін әр мектепте тілдік орта құру керек екенін айтады.

 
"Түптің түбінде қазақ тілінің қазақстандықтардың ортақ тіліне, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыты келеді. Сол мақсатқа бастайтын қадамдарды осы бастан қолға алу қажет. Ал, оны алдымен қолға алатын да, алдымен жүзеге асыратын да &ndash мектеп", - деді Наталья Дементьева.

Депутаттың айтқанын петропавлдық Ирина Гордеева да құптайды. Оның ұл-қыздары қазақ тілін оқығаны болмаса, сөйлей алмайды екен. Айтуынша, мектеп бағдарламасындағы тапсырманың қиындығы аздай, орысша түсіндірмесі жоқ.

"Үй тапсырмасын аудармасыз береді. Ешнәрсе түсінбейміз. Балаларға қалай түсіндіреміз? Кітапты аштым делік, орысша бір сөз жо болса қалай түсіндіремін?,"- деді көпбалалы ана Ирина Гордеева.

Ал, филолог Ұлан Еркінбайдың сөзінше, елдегі тіл комитеті қағазбастылықтан шыға алмайды, қазақ тілін үйретудің орнына керісінше, қиындатып отыр. Халық жаппай қазақша сөйлеу үшін ұлттық әдістемелік орталық ашып, балалардың қазақша контентін дамыту керек екен.

"Олар енді мемлекеттік құзыреттегі белгілі бір бюрократиядан шыға алмайды. Ұлттық әдістемелік орталық керек. Бұл орталық нағыз тілді үйрететін креативті заманауи түрде үйрете алатын мамандарды даярлап шығу керек", - деді А.Байтұрсынұлы атындағы білім академиясының директоры Ұлан Еркінбай.

Тіл мамандары сайып келгенде заңдық талап күшеймей, қазақша жаппай сөйлеу қиын болатынын ескертті. Мәжілістің өткен отырысында депутат Қазыбек Иса "мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін білуді міндеттейтін Заң енгізейік" деген ұсыныс айтқан еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста