Қазақстандықтар Ұлы Жеңістің 73 жылдығын атап өтіп жатыр. Еліміздің барлық өңірінде Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің қатысуымен түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Соғыс жылдары фронтта шамамен 1,8 миллион қазақстандық болды. Соғыстағы ерліктері үшін ордендармен және медальдармен марапатталды. Шамамен 500 қазақстандық Кеңес Одағы батырлары атанды. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысында 630 мың адам іс-түссіз жоғалып кетіп, қайтып оралған еді.
Ресми мәліметтерге қарағанда, бүгінде республикада 2 067 Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектері (1494 Ұлы Отан соғысы қатысушылары,573 Ұлы Отан соғысы мүгедектері), 39 723 оларға теңестірілген адамдар (22 649 ҰОС қатысушыларына теңестірілгендер, 17 074 ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендер), 166 700 Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген басқа санаттағы тұлғалар (оның ішінде 140 606 тыл еңбеккерлері) тұрып жатыр.
Сондай-ақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Жеңіс Күнін тойлау қарсаңында соғыс ардагерлері, мүгедектері мен оларға теңестірілген тұлғаларға 2,7 миллиард теңге көлемінде бір жолғы ақшалай төлемдер қарастырылған.