Өскеменде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай көп балалы аналарға қаржылай көмек берілетін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпаратт агенттігі Аltaynews.kz порталына сілтеме жасап. 
Әлеуметтік көмек төрттен астам бала тәрбиелеп отырған аналарға берілмек. 
 "Сонымен қатар, қаржылай көмек бұған дейін "Алтын алқа", "Күміс алқа" медальдары, "Ана Даңқы" орденімен марапатталған және "Батыр-ана" атағын алған әйелдер тағайындалады. Төлем сомасы 5 АЕК-ні (14 585 теңге) құрайды", - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы өкілдері. 
Мемлекеттік жәрдемақы 8 наурыздан кейін берілмек. Қаржылай көмекті алу үшін "Қазпошта" ұйымына жеке куәлікті алып бару қажет.