Қазақстандық фильм Франциядағы кинофестивальдің бағдарламасына енді

Қазақстандық фильм Франциядағы кинофестивальдің бағдарламасына енді

Режиссер Нариман Төребаевтің "Шытырман" ("Приключение") фильмі Франциядағы Азия киносы (Festival International des Cinemas d'Asie de Vesoul) кинофестивалінің бағдарамасына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кинофестивальдің негізгі бағдарламасына Қытай, Корея, Австралия, Үндістан, Иран, Филиппин, Тайвань, Қырғызстан және Мьянмадан тоғыз фильм еніп отыр. Қазақстандық фильмді "Қазақфильм" киностудиясы түсірді. Лентаға Федор Достоевскийдің "Белые ночи" туындысының желісі негіз болды. Қазақстандық фильмде Алматыда болған оқиға көрсетіледі. Картина махабаттың адамдарды біріктіріп, ажырастыратыны туралы баяндайды. Фильмнің халықаралық продюсері - Arizona Films француз компаниясы.

Картинада басты рольдерде "Конвой" лентасына түсіп, "Еуразия" VIII халықаралық кинофестивалінің үздік ер адам ролін жеңіп алған Азамат Нығманов пен жас актриса Айнұр Ниязова ("Книга легенд: Таинственный лес") ойнайды. Бұған дейін "Шытырман" фильмі Карловы Варыдағы 49-шы кинофестивальдің негізгі бағдарламасына қатыстырылған еді. Ол кезде лента жүлде ала алмады. 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста