Қазақстандық балаларды зорлаған америкалық ата-ана ұзақ жылға сотталды

Кеше «РИА Новости» агенттігі Америкада қазақстандық асыранды балаларды зорлаған ерлі-зайыптыға қатысты жаза кесілгенін хабарлады. Отағасы Джозеф Мэйотт 16-дан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, оның әйелі 22 жыл жазасын өтейтін болды.
Массачусетс штатының Вустер қалалық соты ерлі-за­йыптыны балаларды зорлағаны үшін кінәлі деп та­нып, ұзақ жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сот алқасы 50 жастағы Джозефті айып­таудың 11 тармағы бойынша асыранды қызын зәбір­ле­гені үшін кінәлі деп тапты, ал оның әйелі Линданың асы­ранды ұлын аздырғаны 18 тармақ бойынша дә­лел­­­денді. Американың қылмыстық-атқару жүйесіне қа­тысты заңы бойынша педофил Джозеф 16 жылын түр­меде өткізгеннен кейін тәртібі жақсы болып жатса, тү­зеу мекемесінен ерте шығару туралы өтініш жаза ала­ды. Ал Линда Мэйоттқа мұндай жеңілдік 18 жылғы жа­за өтеуден соң берілуі мүмкін. Сот өкілдерінің ха­бар­­лауынша, әзірше сотталғандар өздеріне шы­ға­рыл­ған үкім жөнінде апелляциялық сотқа шағымданбаған. Ер­лі-зайыпты Мэйоттардың өз асыранды балаларын жы­ныстық қатынасқа тартатыны осыдан төрт жыл бұ­рын-ақ белгілі болған еді. Бірақ ол кезде құзырлы ор­ган­дар олардың кінәсін дәлелдей алмай, кепілдікпен еркіндікке жіберген. Істі сот қайта қарағаннан кейін аз­ғын­дықтың бірнеше дерегі жария болды. Аме­ри­ка­лық отбасылық жұп 2004 жылы Петропавлдан асырап ал­ған ағайынды екі жасөспірімді үйлеріне әкелгеннен ке­йін-ақ ойларына келгенін іске асыра бастаған. Бей­бе­рекет жыныстық қатынастың соңы өгей ананың кә­ме­летке толмаған ұлдан екіқабат болуына әкеліп соқ­қан. Аты-жөні жария етілмей отырған қазақстандық жас­тар қазір 17 мен 21-де.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста