Қазақстанның мәдениет қайраткерлері Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жазды. Өнер өкілдері мәдинет министрлігінің басшысына шағым айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ермек Тұрсынов өзінің Instagram парағында хабарлады.
Ашық хатта Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театры айналасындағы жағдай туралы айтылады. Осы жылдың ақпан айында театр директоры Аю Қалиева қызметінен алынды. Театр әртістері директордың жұмыстан шығаруға қарсы болды.
Қалиева директоры ретінде жұмыс істеген екі жыл ішінде ауқымды жобалар жүзеге асырылды: Х Халықаралық вокалшылар байқауы, Бибігүл Төлегенова мен Гульфайрус Исмаилованың 90 жылдығына арналған мерейтойлық концерттер; «Абай-Гала» операсының премьерасына 75 жыл; Франциядағы, Ұлыбританиядағы театрлық гастрольдер, сонымен қатар Үндістан ұлттық орталығына гастрольдер; шетелде 20 концертпен қазақ опера және балет өнерінің жас таланттарын халықаралық деңгейге көтеру, тағы басқа жұмыстар атқарылды.
Сондай-ақ, театр әртістері осы уақыт аралығында атақтар мен ұлттық марапаттарға ие болды. Қатаң карантин кезеңінде театр жетекші орынға ие болды және Қазақстандағы театрлар мен онлайн-хабарлар арасында 1-орынды және ТМД елдері арасында онлайн-хабарлар бойынша 3-орынды иеленді.
«Мәдениет министрі қайтадан дау-дамайдың ортасында. Адамдар оның қызметіне наразы, президенттің араласуын және шара қолдануын сұрайды» - деді режиссер Ермек Тұрсынов парақшасында.
Тұрсынов атап өткендей, елдегі мәдениет саласы көп жағдайда жасандылық үшін қызмет етеді.
«Жалғанның ізін қалдыратын нәрсенің бәрі - бұл фальсификация. Дәлірек айтсақ, бұл арсыздық. Мен мұны айтуға батылым бар, өйткені біздің мәдениет министрлігі арқылы мемлекеттің қатысуымен шығарылған барлық мәдениетіміз арсыздыққа айналды. Шоуларға қараңыз. Біздің телеарналар мен киноларымызға қараңыздаршы. Не болып барады?
Жауапты лауазымдарды иемденгендердің жұмысы нәтижесіз. Олар елде және әлемде не болып жатқанын көрмейді немесе байқағысы келмейді. Олар өз еркімен жұмыстан кетпейді. Демек, оларға қатысты шешім қабылдау керек», - деп жазды Ермек Тұрсынов.