Қазақстандағы Ватиканның экс-өкіліне педофил деген айып тағылды

Қазақстандағы Ватиканның экс-өкіліне педофил деген айып тағылды

 Бұрынғы апостолдық нунций (Рим Папасының өкілі) Юзеф Весоловскийге Ватиканда педофилдік үшін айып тағылды.

Сот 11 шілдеде басталуы тиіс деп хабарлады Euronews. Қазасқтанда 2002 жылдан 2008 жылға дейін апостолдық нунций қызметін атқарған Весоловскийге кәмелетке толмағандарға азғындық жасап, порнаграфия таратты деген айып тағылды. Егер сот күдіктіні кінәлі деп тапса, ер кісі бас бостандығынан айырылатын болады.

Бұған дейін британдық International Business Times басылымы Весоловскийдің компьютерінен 100 мыңнан астам порнографиялық файлдар табылғанын жария еткен болатын. Жеткіншектерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу сәті түсірілген 160-қа жуық видео мен 86 мың порнографиялық фото күдіктінің жеке компьютерінде сақталғаны анықталған. Тергеушілер бұдан өзге 45 мың фотоның өшіріліп тасталғанын байқаған. Шетелге шыққанда алып жүретін ноутбугінен де ұятсыз фотолар табылған.

«Весоловский шірекулік дәрежесінен айырылып, қазірде оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ватиканда оған қатысты сот күнінің белгіленуі Франциск папасының бұл істі соңына дейін жеткізуге ниетті екенін байқатады», — дейді ватикандық сарапшы, понтификтер биографы Марко Полити.

Сонымен қатар, римдік-католиктік шіркеудің басшысы Сент-Пола және Миннеаполис архиепископтарының жұмыстан кету туралы өтініштерін қабылдаған. Оларға жергілікті дін қызметшісінің балаларға анайы қылық танытқан қылмысын жасырды деген айып тағылған.

Юзеф Весоловский Орталық Азия мен Боливияда апостолдық елші қызметін атқарып, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанда Ватикан өкілі болған. Кейін Доминикан Республикасына жіберіліп, сол жерде қатаң тексеріске алынған.

nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста