Қазақстандағы партиялардың кезекті сайлау алды агитациялық жұмыстарына шолу

Қазақстандағы партиялардың кезекті сайлау алды агитациялық жұмыстарына шолу

19 наурызда Қазақстанда парламент мәжілісі мен мәслихаттығына депутаттарды кезектен тыс сайлау  өтеді. Еліміздің түкпір-түкпірінде додаға түсетін кандидаттар мен партиялардың насихат жұмыстары жалғасып жатыр. Stan.kz ақпарат агенттігі партиялардың насихат науқаны қалай өтіп жатқанын назарға ұсынады.

"AMANAT" партиясы

 

"AMANAT"-тың Республикалық сайлауалды штабы Батыс Қазақстан облысына келді.

Бүгін "AMANAT" партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Батыс Қазақстан облысының сайлаушыларымен бірқатар кездесу өткізіп жатыр.

Орал қаласында штаб мүшелері этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірге партияның сайлауалды бағдарламасындағы этносаралық келісімді нығайту шараларын талқылады.

"Кез келген қоғам дамуының негізгі шарты – бейбітшілік пен келісім. Біз ұлтына, діни нанымына немесе материалдық жағдайына қарамастан барша қазақстандықтардың мүддесін ескереміз. Біздің партиямыз дәстүрлі моральдық қағидаттарды сақтауды, түрлі көзқарасқа түсіністікпен қарауды және құрметтеуді, әр этностың дәстүрін, мәдениеті мен тілін қолдауды көздейді. Бұл ұстаным халқымызды біріктіріп, мемлекетіміздің сыртқы қауіп-қатерлер мен ішкі сын-қатерлерге қарсы тұруына мүмкіндік береді", – деді ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Үгіт-насихат науқаны басталғаннан бері 25 күн ішінде аманаттықтар 3 737 100 қазақстандық қатысқан, 32 200 іс-шара өткізді.

Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне сайлаушылардың 28 700 ден астам ұсыныс-пікірі келіп түскен.

"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы

 

"Ауыл" партиясы 15 наурыз күні Шымкент қаласында "Ұлағатты әйел – ұлт ұйытқысы" атты әйелдер конгресін ұйымдастырды. Ауыл әйелдерін қолдау мақсатында өткізілген шараға  "Ауыл" партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Қарақат Әбден, Анна Данченко, София Әбдіразақова  "Қазақ аналары – дәстүрге жол" бірлестігінің негізін қалаушы, актриса Айнұр Жүгінісова, ақын Құрманай Бақтиярқызы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жапарқұл қатысты. 

Конгресс барша қазақстандық, оның ішінде ауыл әйелдерін қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Жиынға еліміздің төрт түкпірінен келген мыңға жуық қыз-келіншек қатысты.

Басқосу  барысында ауыл әйелдерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал жасау және олардың белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды. "Ауыл" партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар осы мәселе төңірегінде өздерінің нақты ұсыныстарын айтты.

"Respublica" партиясы

 

Respublica партиясының үгіт-насихат жұмыстары Маңғыстау облысында жалғасты.

Жүздесулер сауда үйлерінен басталған.. Партия өкілдері қаладағы бірнеше базарды аралап, саудагерлермен сөйлесті. Сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, саяси науқанға қатысуға шақырған. Сондай-ақ республикашылар мұнай-газ өндрісімен айналысатын кәсіпорынға бас сұқты. Жұмысшылармен пікір алмасып, өндіріс саласындағы мәселер жайын талқылады.

"13-14 наурызда Маңғыстау өңірінде болып, осы жерде сайлауалды насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кеше Отпантауға барып, ақсақалдармен, халықпен, елмен көрісіп, амандасып келді. Барлығы 2 Күннің ішінде шамамен 2 мыңға жуық адамға үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді", - деді Respublica партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұржігіт

Нұрболатұлы.

Қазақстан Халық партиясы

 

Қостанай облыстық партия филиалының өкілдері "Аllur" үгіт-насихат тобының ұжымымен кездесу өткізді.

Партия мүшелері сөзінже 19 наурызда өтетін сайлау қорытындысы бойынша өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы айтқан.

"Baytaq" Жасылдар партиясы

 

"Байтақ" жасылдар партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Нұрлан Көптілеуов Көкшетау қаласындағы "Достық үйінде" өңір тұрғындарымен кездесті. 

Мұнда этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары өз қызметін жүзеге асырады. Бірлігі жарасқан ұлттардың ортақ шаңырағында этносаралық өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселелері бойынша конференциялар, ашық диалог алаңдары, дөңгелек үстелдер сияқты игі шаралар тұрақты өткізіліп тұрады. 

Үміткер көпшілікті партия  бағдарламасымен таныстырды және аймақтағы экологиялық ахуалды жақсартудың  маңыздылығы туралы мазмұнды әңгіме айтты.

"Ақ жол" партиясы

 

"Ақ жол" партиясы үгіт-насихат жұмысымен Маңғыстау өңірін аралады. Кандидаттар халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Бірнеше еңбек ұжымына барып, алдағы сайлаудың мән-маңызын түсіндірді. Мұнан соң спорт мектебінде жаттықтырушылармен кездесті. Спортқа қызығушылығы бар балаларды баулып жүрген ұстаздарға партия төрағасы Азат Перуашев алғыс айтты.

"Ақ жол" партиясының сайлауалды штабының мүшелері міне киелі Маңғыстау жеріне келуді дұрыс көрдік. Бірнеше кәсіпорынды аралап шығып еңбек ұжымдарымен кездестік", - деді "Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы

 

Бүгін ЖСДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Нұртай Қожаханов "Interoil&Services Kazahstan" ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. 

Кандидаттыққа депутат сайлаушыларды сайлауға белсене қатысуға, өз таңдауын жасауға шақырды. Сонымен қатар кездесу барысында жұмыскерлерді партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен таныстырды.

Сонымен қатар ЖСДП атынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына бірмандаттық аумақтық округ бойынша кандидат Дамир Жақанов "Фармаком "ИМПЭКС" ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Депутаттыққа кандидат жиналған қауымды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сараланған салық салуды енгізу қажеттілігі мәселесі көтерілді. Іс-шара соңында Дамир Жақанов тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста