Қазақстандағы ашаршылық нәубетін геноцид деп танымайынша, тарихи әділеттілік қалпына келе ме?

Қазақстандағы ашаршылық нәубетін геноцид деп танымайынша, тарихи әділеттілік қалпына келе ме?

Қаймана қазақты қырып өткен ашар­шы­лық туралы айтылып та, жазылып та келеді. Әйтсе де қолдан ұйым­дастырылған нәубетке әлі де бірегей, ұлт­тық деңгейдегі көзқарас қалыптасқан жоқ. Тауқымет тартып, тағдырлас болған Украина халқы ашаршылықтың қасақана ұйымдастырылғанын ашық айтып, бұл зұл­мат­ты кезеңді кеңестік билік тарапынан бол­ған геноцидке балады. Дәлірек айтқанда, Виктор Ющенконың қамшының сабындай қысқа президенттік өкілеттілігі кезінде Украина Радасы ашаршылықты «геноцид» деп танитын заң жобасын қабылдаған болатын.
Көзқарастың ұлттық деңгейде екеніне тағы бір дәлел – саяси жүйе ауысса да, билік басына өзге адам келсе де, украин халқы нәубетті жыл­дарды ұмытпай, тарихи сананы жыл санап жаң­ғыр­тып келеді. Бұл елде жыл сайын зерттеулер жүр­гізіледі. Биылғы жылы жергілікті «Рейтинг» әлеу­­меттік тобы жүргізген сауалнама нәтижесі халық­­тың 58 пайызынан астамы ашаршы­лықты ген­оцид деп білетінін көрсетті. Украина басынан өт­керген ашаршылықты айтып, тарихи әділ ба­ғасын алуға ниет та­нытып келеді. Қазір бұрынғы пре­зидент Вик­тор Ющенко осы мәселеге тү­бегейлі кі­ріс­кен. Украинаны мысал етуіміз бекер емес. Қазірдің өзінде халқының саны 46 млн-ға жуық бұл елдің ұлтшыл-патриот­тары «егер ашар­­шылық геноциді болмаған­да, демография­лық жағдайымыз әлдеқай­да қуатты болар еді» дейді. Энциклопедиялық деректерде украин­дар­дың 3-3,5 миллионы қырылғаны туралы мәлі­мет­тер бар. Ал отандық тарихшылар мен де­мограф­тар біздің елде 1919-1922 жылдар ара­­лығын­да 1 млн, ал 1931-1933 жылдары 2,4 млн адам­ға де­йін аштан қырылғаны туралы ай­тады.
Екі елді салыстырып қарағанда, аш­тықтан көз жұмғандардың саны бірдей болғанмен, жалпы халықтың санына шаққанда, қазақтың қасіреті ауыр тартады. 1897 жылы Ресей империясы жүргізген са­нақта қазақтардың жалпы саны 4 млн 84 139 адам болған екен. Осы халық­тың жартысынан көбі қырылып, аман қал­ғаны атамекенін тастап кетуге мәжбүр болған. Осындай қасіретті кезеңдерді бас­тан кешсек те, ашаршылыққа тарихи әділ бағасы берілмей келе жатқаны жасырын емес. Мысалы, бізде бірді-екілі қоғамдық ұйымдар болмаса, бұл мәселеге бас ауыртып жүрген жанды байқамайсыз. Ақ­па­рат құралдарында ауық-ауық айтылып қалғанымен, нәтиже жоқ. Жылына бір рет көктемнің соңғы күні айтып қана қоя салғаннан ештеңе шықпайтынына нақты мысал көп. Бір ғана ескерткіш мәселесінің өзі сиырқұйымшақтанып кеткеннен кейін, басқасынан қайыр күтудің өзі артықтау. Кез келген мәселе бойынша қоғамда талап болмаса, билік те мойнын бұрмайтыны саяси ғылымдағы аксиома десек болады.
Ал халық саны бойынша әлемде 28- орын алатын Украина ашаршылыққа деген шынайы көзқарасты қалайша ұлттық дең­гейге көтере білді? Украинада республика­лық, облыстық, қала берді аудан деңгейін­де ашаршылықтың себеп-салдарын зерт­теу­мен айналысатын қауым бар. Олардың ақ­параттық ресурстары да жоқ емес. Украинадағы аштық туралы шынайы де­ректерді, фотосуреттерді біздегідей тек тарихшылар ғана емес, әрбір ынталы азамат біледі. Себебі арнайы интернет сайт­тар да ашылған. Халық санасын мани­пуляциялаудың ең жаңа, заманауи құралы – ғаламтордағы әлеуметтік желілер дейтін болсақ, бұл елде ашаршылық шындығы туралы «в контакте», facebook сияқты сайт­тарда арнайы аккаунттармен жұмыс қызу жүргізіледі және әлеуметтік желілердегі қызу-пікірталастар мен ұсыныстар тиісті мін­берлерден айтылады. Желілердегі қа­уым­дастыққа мүше жеке азаматтардың са­ны да едәуір көп. «Анти-Голодомор-Гено­цид» атты фанклуб та тұрақты түрде жұ­мыс іс­тейді. Яғни қоғамда осы мәселені кө­теруге де­ген ынта бар. Қоғамдық пікір қалып­тас­қан. Тіпті Сталин бастаған КСРО көсемдеріне жергілікті сот шешім шығарып, айыптағаны да бар. Сондықтан да шығар, елдің ең жоғарғы заң шығарушы органы – Жоғарғы Рада «ашаршылық – геноцид» ұғымын білдіретін заң жобасын қабылдап, Біріккен Ұлттар Ұйымына Украинадағы ашар­шы­лық­ты геноцид деп тану туралы ұсыныс жол­да­ған-ды. Егер елдің ішінен осындай ынта-жігер байқалса, сол елге сыйластықпен қа­райтын сырт көз де сол елмен сана­са­тынына көз жеткіздік. Мы­салы, украин­дер­дің осынау талабы халық­аралық қауым­дас­тық мүшелерін де бей-жай қалдырған жоқ. Әлде «Өзіңді-өзің сыйласаң, жат жанынан тү­ңілер» дегенге келе ме, Украинадағы ашаршылықты әлемдегі беделді деген 28 мемлекет геноцид деп ресми түрде таныды. Олардың арасында Батыс және Шығыс Еуропа, Солтүстік Америка, Латын Амери­касы, Австра­лия құрлығындағы өркениетті, да­­мы­ған мемлекеттер бар.

Түйін
Бір ұлттың жартысынан көбі қасақана әрекеттердің құрбаны болса, оған қандай тарихи баға берілу керектігін көзі қарақты кез келген азамат біледі. Ашаршылық құрбандарына тағзым да жетіспей жатыр. Ескерткіш мәселесін көтеріп жүрген қоғамдық ұйымдар шырылдағанмен, оған құлақ асар ешкім болмай тұр. Арасында шежіре шертер тарихшысы, құқықтық қатынастарды жілікше шағатын заңгерлері, саясатты сараптайтын саясаттанушы, философтары бар Парламентімізден осы мәселені ашық айтып, ұлттық деңгейге көтеруге ниеттісін байқай алмай отырмыз. Тым құрығанда, қоғам нақты бағасын беру үшін қоғамдық ұйымдар ақпараттық-насихаттық жұмыстарын кеңейтіп, саны бар, сапасы аз жастар ұйымдары ғаламтор арқылы осы тақырыпты қаузау керек. Сонда ғана қазақ халқының демографиялық ахуалына ауыр соққы болған нәубетті жылдарға ұлттық деңгейде бірегей көзқарас қалыптасатын сияқты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста