Қазақстанда жер дауы соттың көмегінсіз шешілетін болды

Қазақстанда жер дауы соттың көмегінсіз шешілетін болды, - деп хабарлайды "Крыша" порталы. ҚР Жер кодексінің қосымшасына сәйкес, енді жеке жер телімдеріне қатысты дау мен жанжалдарды сот тәртібімен емес медиаторлардың көмегімен шешуге болады.

Порталдың мәліметінше, бұл норма 2015 жылдың 2 мамырынан бастап заңды күшіне енеді. Бұрын ҚР Жер кодексінің 167-бабы бойынша, жер дауы сот тәртібімен қаралатын, енді бұл норма 2-тармаққа қосымша ретінде енгізілді. Жаңа пунктте былай делінген: "Жеке меншіктегі жер учаскелеріне байланысты даулар (жанжалдар) тараптардың келісуі бойынша медиация тәртібімен қаралуы мүмкін".

Қазақ медиация орталығының басшысы Ирина Виговскаяның айтуынша, медиаторлық көмек тек жеке тұлғалар үшін қолданылады. Егер жанжалдасушы тараптың біреуі заңды тұлға болса медиаторлар көмек көрсете алмайды.

Айта кетейік, мұндай делдалдардың қызметі ақылы, оның құны жанжалдың қиындығына байланысты белгіленеді. Егер клиент халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобынан болса қызмет үшін ақы алынбайды.

Тengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста