Қазақстанда шетелдік агенттер туралы заң қабылдануы мүмкін бе

Қазақстанда шетелдік агенттер туралы заң қабылдануы мүмкін бе

Қазақстанда шетелдік агенттер туралы заң қабылдануы мүмкін бе? Бұл сұраққа Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Егер елімізде шетелдік агенттер туралы заң қабылдауды ұсынса, біз өз сараптамамызды жүргіземіз, деп мәлімдеді Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев.

Қазақстандық омбудсменнің БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюркпен кездесуінде журналистер Артур Ластаевтан Қазақстанда шетелдік агенттер туралы заң пайда болуы мүмкін бе деп сұрады.

"Менің білуімше, күн тәртібінде мұндай мәселе тұрған жоқ. Егер бұл мәселе көтерілсе, әрине, өз сараптамамызды жүргіземіз. Біздің штат үлкен, тиісті бейінді білімі бар адамдар бар. Біз баға береміз, міндетті түрде өз пікірімізді білдіреміз", - деді ол.

Айта кетсек, 2022 жылы Салық кодексінің 29-бабына түзетулер енгізілді. Оған сәйкес, мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік көздерден ақша немесе басқа да мүлік алған тұлғалардың тізімін жариялайды. БАҚ өкілдері бұл шетелдік агенттер туралы заңға алғышарт емес пе деп сұрады.

"Мемлекеттік кірістер органдары бұл саясатты қатаң түрде салық салу мақсатында фискалдық мүдде аясында жүзеге асырады. Бізге әзірге фискалды саясатты желеу етіп адамның құқығын бұзып жатыр деген шағым түскен жоқ. Сол себепті қазіргі таңда қандай да бір заңбұзушылық туралы айту мүмкін емес", - деп атап өтті омбудсмен.

Еске салсақ, 7 наурызда Тбилисиде шетелдік агенттер туралы заңның қабылдануына қарсы жаппай наразылық акциясы өтті. Заң жобасы қаражаттың 20%-тен астамын шетелдік көздерден алатын кейбір БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдарды "шетелдік ықпал ету агенті" деп тіркеуді талап еткен еді.

Құқық қорғаушылар екі күн бойы парламенттің алдындағы алаңда митингке шыққандарды таяқ, жас ағызатын газ және суатқыштармен қуып тарқатты.

Нәтижесінде Грузия парламенті дау тудырған заңнан бас тартуға мәжбүр болды.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста