Қазақстанда сайлаушылардың жартысы дауыс берді

Қазіргі кезде Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауына сайлаушылардың жартысы дауыс беріп кетті, деп хабарлайды «Алаш айнасы» порталы.Орталық сайлау комиссиясының жариялаған мәліметтеріне сәйкес, бүгін сағат 12:00-ге дейін сайлаушылардың 41,69 пайызы өз дауыстарын беріп, таңдауларын жасаған. Атап айтқанда, аймақтар бойынша дауыс берген азаматтардың пайыздық көрсеткіші келесідей болды: Ақмола облысы – 51,01 пайыз, Ақтөбе облысы – 36,11 пайыз, Алматы облысы – 60,68 пайыз, Атырау облысы – 47,54 пайыз, Шығыс Қазақстан облысы – 48,24 пайыз, Жамбыл облысы – 49,91 пайыз, Батыс Қазақстан облысы – 40,66 пайыз, Қарағанды облысы – 43,35 пайыз, Қызылорда облысы – 45,56 пайыз, Қостанай облысы – 56,57 пайыз, Маңғыстау облысы – 34,12 пайыз, Павлодар облысы – 42,63 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысы – 50,11 пайыз, Оңтүстік Қазақстан облысы – 32,62 пайыз. Ал еліміздің екі бас қаласында сайлаушылардың дауыс беру көрсеткіші әлі 30 пайызға жетпеген. Нақтырақ айтқанда, Астанада дауыс бергендер 25,46 пайыз болса, Алматыда 17,25 пайыз болған. Айта кетейік, биылғы кезектен тыс президенттік сайлау аясында 9741 дауыс беру учаскесі ашылған. Оған 9,5 миллион қазақстандық барып, өз қалауын жасайды деген болжам бар.
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста