Қазақстанда салынып жатқан әрбір екінші үй рұқсатсыз салынып жатыр. Мұндай деректер мемлекеттік тұрғын үй порталында жарияланды. Бүгінде бүкіл Қазақстан бойынша үлестік қатысуға тыйым салынған 168 тұрғын үй кешені бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.
Астанада ең көп құрылыс салушы-бұзушылар анықталды. Тізімде жүздеген тұрғын үй бар.
Алматыда тұрғын үй сатып алуға болмайтын 6 нысан бар, олар:
"Верона"
"Достар Делюкс"
"Орда Сити"
"Демеу Резиденс"
"Толе Би Резиденс"
"Ауэзов Апартаменты"
Шымкентте сатуға тыйым салынған тізімде барлығы бес тұрғын үй бар:
Capital City.
"Тарту".
"Латифа".
Alim.
Capital.
Аймақтардағы заңсыз салынып жатқан үйлер саны. Фото: homeportal.kz
Егер аймақтар бойынша айтар болсақ, заңсыз салынып жатқан үйлер Абай облысында және ШҚО-да көп. Әрқайсында заңсыз салынып жатқан 15 тұрғын үй бар.
Одан кейін Атырау облысында - 8 тұрғын үй, Ақтөбе облысында 5, Ақмола және Қостанай облыстарында 1 тұрғын үй заңсыз салынып жатыр екен.
Айта кетейік, заңсыз салынып жатқан тұрғын үйден пәтер алу қауіпті. Себебі пәтер аламын деп ақша салғандар үйді де, ақшасын да қайтарып ала алмауы мүмкін.