Қазақстанда отқа жанбайтын үйлер пайда болады

 Астана. 22 сәуір. Baq.kz - Қазақстанда өрттi азайтуға болады. Бұл үшін жаңа инновациялық құрылыс материалдары қолданы­луы тиіс. Бүгінде әлемде қызыл жа­лын жоя алмайтын заманауи мате­риалдар ойлап табылған екен.

Елімізде олардың біразы елордадағы ЭКСПО – 2017 жаһандық көрмесі құрылысында сыналып көрмек. Осы жерден бүкіл елімізге тәжірибе болып тарайды деген үміт бар.

Әлемдегі дамыған елдер өз елдерінің озық ғылыми-техникалық жаңалықтарын Қазақ елінің бас қаласындағы көрме аясында паш етуге ендігі кірісіп кетіпті. Әрине, әзірге олар республикамызға жаһандық көрме кешенін тұрғызуда керек болатын инновациялық шешімдерін ұсынуда. Оларды бағамдап, қай үздігін білу үшін кеше Астанада «ЭКСПО – 2017 – заманауи құрылысқа бағдар» атты екі күндік халықаралық конференция өз жұмысын бастады.

Бұл жиынға отандық құрылыс индус­триясы үлкен қызығушылық білдіріп отыр. Кеше журналистерге сұхбат берген Қазақстандық құрылыс материалдары өнеркәсібі қауымдастығының президенті Марал Томпиев енді елімізде құрылыс алаңдарында жаңа оттан қорғаушы технологиялар пайдаланыла бастай­тын­дығын мәлімдеді. Яғни қазірден барлық нысандарды оттан қорғайтын және отқа төзімді материалдардан тұрғызуға кіріс­сек, мемлекетімізде жылдар өткен сайын өрт саны кеми беруге тиіс. Айтқандай, әлемдегі ірі құрылыс материалдарын өнді­руші болып саналатын атақты неміс компаниясының жаңа өнімі жиын ая­сында таныстырылды оны қанша отқа тоссаң да, жанбайды екен.

Бұл ретте өндірушілер ғимаратты, үйді, тіпті қора-қопсыны толығымен жанбайтын инновациялық материалдан салып шығудың қажеті жоқтығын айтады, әрі бұл құрылыс құнын қымбаттатып жі­берер еді. Құрылыста бұрынғыдай ағаш­ты да қолдана беруге болады, тек оларды қаптайтын әрлендіруші (отделочный) материал отқа төзімді болса жеткілікті.

– Мәселен, Қазақстанда енгізіліп жат­қан жаңа инновациялық өнім – «отқа төзімді жұқа тақтайша» еліміздегі отқа тө­зім­ділік бойынша ең жоғарғы шекке ие. Бұған қоса, шыныталшықтан жасалған «жылуоқшаулаушы жұқа тақтайшаның» да отқа жанбайтындығы анықталып отыр. Бұл материалдардың барлығы озық өнімдер болып саналады. Олардың елімізде енгізілуі Қазақстанның дамығандығын көрсетеді. Және бұларды тек жалғыз КНАУФ қана шығармайды, оның үлгілері барған сайын көбеюде. Олар біздің отандық компаниялар үшін үлгі, – деді Марал Томпиев.

Ол өрттерге, негізінен, елдегі құрылыс кезінде отқа төзімділігі өте төмен, ұшқын тисе, лаулап қоя беретін арзанқол материал­дардың пайдаланылатындығы себепкер екендігін айтады. Тіпті алюкобонд әлі күнге қолданыста жүр. «Мұның сыртында, қазақ­стандық құрылысқа тапсырыс берушілер заманауи қымбат емес сапалы материалдар бар екендігін біле бермейді» дейді қауым­дастық басшысы.

«Қуат тиімділігі орталығының» бас ди­ректоры Игорь Башмаков республикамыз­дағы ғимараттардың бұдан былай энер­гия­ны аз шығындайтын дәрежеге кө­тері­луіне қол жеткізу керектігін айтады. Бұл үшін тіпті арнайы заң қабылдап, қабырғасынан суық саулайтын, ызғар есетін тұрғын үйлер салу­шыларды жазаға тарту да артық болмас еді.

– Қазақстанда ғимараттардың энергия­лық тиімділігін арттыру керек, – деді орта­лық басшысы. – Бүгінде республикада тұтылатын барлық қуаттың 44%-ын үнем­деуге болады, қуат тиімділігінің әлеуеті осын­ша зор! Бұл ретте Астанадағы көрме атауы керемет жақсы таңдалып отыр. Кез келген көрме кейін тәжірибеге кеңінен ендіруге болатын жаңа жетістіктерді паш етуімен құнды. Күнделікті өмірде онсыз да көріп жүрген нәрселер жайылатын көрме ешкімге де қызықты емес.

Оның айтуынша, егер «ЭКСПО–2017» көрме кешенінің нысандары да иннова­циялық шешімдерге сай бой көтерсе, екі жыл­дан соң еліміздің және әлемнің әр атыра­­бы­нан ағылатын қонақтарға тек па­вильон­дарды ғана емес, ғимараттардың ішін аралау да қызықты болады.

– Қазақстанда тұрғызылатын ғимарат­тар онда тұратын адамдарға жақсы, жайлы өмір сыйлап қана қоймай, эксплуа­та­циялауда өте қымбатқа да түспеуге тиіс. Бұл өте маңызды. Тұрғын үй өте әдемі болғаны­мен, онда тұру өте қымбатқа түсер болса, тұрғындардың ПИК-тер мен қызмет көр­сетуші компанияларға төлейтін эксплуата­циялық шығыны өте көп болса, онда бір­тебір­те адамдар үшін ол баспана эко­­­но­ми­­ка­лық тиімсіз болады. Сондықтан әсіресе, Астана мен Алматыда энергиялық тиімділікті көтеру – ғимарат құрылысы саласындағы технологиялық үдерістің ше­шуші бағыттарының біріне айналуда, – деді И.Башмаков.

Орталық бас директорының мәліметін­ше, әзірге Қазақстан энергиялық тиімділік бойынша әлемдегі көшбасшы емес. Мыса­лы, 2000 жылдан бері жалпы ішкі өніміміз өндірісіндегі қуат шығындау көлемінің тө­мендеуі жылына небары 1,5% болып отыр. Дұрысы, 5 пайыздан жоғары болуы қажет көрінеді.

– Өйткені осы динамикадағы техноло­гияның үлесі тым аз және жылына 0,5 пай­ызға ғана жетеқабыл. Яғни жаңа техно­логиялар еліміздегі әр салаға дендей енсе, олардың көмегімен Қазақстан эконо­ми­касының қуат тиімділігін айтарлықтай арттыруға болар еді. Бұған зор мүмкіндіктер бар. Бұл ретте Қазақстанның технологиялық қуат үнемдеу әлеуеті шамамен көмір эк­ви­валентіндегі 39 миллион тоннаға тең. Біле білсеңіз, бұл – өте үлкен әлеует! – деді ол.

Яғни барлық жерде, соның ішінде құрылыс саласында да жаңа технологиялар мен инновациялар қолданылса, еліміз қазіргі жағылатын көмір көлемінің 44 пайызын үнемдейді. Осынша миллиондаған тонна көмірді ел экспортқа сатып, қазы­насын толтыра түсер еді.

Сөз соңында И.Башмаков осы техно­логиялар өмірдің барлық саласына, соның ішінде құрылысқа кеңінен енуі үшін мем­лекет ынталандыру және міндеттеу бойын­ша тиімді саясат жүргізуі керектігін нық­тады. Мысалы, жаңа тұрғын үйлерді сал­­ғанда немесе ескі үйлерді жаңғыртқанда, күрделі жөндеу жүргізгенде заманауи құры­лыс технология­лары қолданылуын талап ету керек.

Айқын

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста