Қазақстанда онлайн-петиция институты құрылады
Қазақстанда онлайн-петиция институты құрылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы аясында осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әлеуметтік желілердің арқасында жер-жерде шешілмейтін мәселелер бүкіл елге белгілі болып жатыр. Азаматтардың реформалар мен ұсыныстарға бастамашылық жасауы үшін бірыңғай заңды онлайн-петиция институтын құру қажет", - деп тапсырды Тоқаев.
Мұндай тетік қандай да бір манипуляциялардан толық қорғалуы тиіс, деп атап өтті мемлекет басшысы.
"Үкімет азаматтық қоғаммен бірлесе отырып, нормативтік құқықтық базаны әзірлеп, осы маңызды жобаға қатысты барлық техникалық мәселелерді шешуі керек", - деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев интернеттегі арандатуға қарсы күрес туралы сөз қозғады. Президент бұл басты мәселе екенін атап өтті.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу