Қазақстанда кішкентай балалар жүк тиегіш көлікті трассада айдаған

Қазақстандағы трассалардың бірінде жол полициясының қызметкері жүк тиегіш көлікті айдап келе жатқан сегіз және тоғыз жастағы екі баланы тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда балалардың ауыр арнайы техника кабинасында болғаны көрініп тұр. Патрульшінің рульге отыруға кім рұқсат берді деген сұрағына балалар: "Берік" деп жауап берді. Осыдан кейін полиция қызметкері көліктің кілтін алып қояды.

 
Бейнеролик Маңғыстау облысында түсірілгені белгілі болды. Бұл туралы құқық қорғау органдары хабарлады.

"2021 жылдың 26 қаңтарында әлеуметтік желілерді бақылау кезінде YouTube парақшасында видео табылды. Аталған факті бойынша рота қызметкерлерімен 2020 жылдың қазан айында Жаңаөзен қаласының патрульдік полициясы кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы, 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қызметкерлер ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы "кәмелетке толмағанды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" және 128-бабы - "кәмелетке толмағанды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту" бойынша әкімшілік хаттама жазды.

Іс материалдары Жаңаөзен қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөліміне берілді", - делінген полиция хабарламасында.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста