Қазақстанда карантиннен кейін күйзеліске түскендер қатары көбейді

Биыл әлемде бірінші орынға шыққан ауру - депрессия. Мұндай тұжырымды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасады. 350 миллионнан астам адам осы ауру түріне шалдыққан. Елімізде де карантин уақытында күйзеліске тап болғандардың саны арта түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жиі көңіл күйдің бұзылуы, ашушаңдық, жабығу, қайғыру күйзеліс белгілерінің бірі. Көбіне бұл дертке жалғызбасты, шешілмеген мәселелері көп жандар түсетін көрінеді. Статистика бойынша, ауруханадағы науқастардың 40%-ның бойын осы ауру дендеген. 

Психолог адамдардың көбі созылмалы стресстік жағдайларын "күйзеліс" деп шатастырып, өздерінің денсаулықтарына зардап келтіруде деген пайымда.

 
"Соңғы кездегі уақытта депрессия көп. Қазіргі карантин уақытында депрессия одан да көбейді, белгілі бір пайызға. Себебі вирус бізге түсінбеушілікті әкеліп тұр. Көбінесе, көбі созылмалы стресті депрессия деп ойлап шатастырады. Негізі нағыз депрессияның түсінігі бойынша депрессияға ұшырайтындардың саны 5 пайыз ғана. Басқа 95 пайыз адам депрессияға ұшырамайды.
Осы 95 пайыз адам осы созылмалы стрессті депрессия деп ойлайды", - деді психолог Серіккүл Сали.

Әлеуметтанушы да бұл дерттің карантин уақытында арта түскенін қалыпты жағдайға балады.

"Таза адамның өзі, жеке басы, белгілі бір тұйық кеңістіктен, ешкіммен қарым-қатынасы жоқ ортадан, сондай жағдайға келгенде әртүрлі жүйкенің тозуы, жүйкенің шаршауы болатыны ол қалыпты жағдай. Ал, енді индивидуалдық жүрген ортасына, өскен ортасына байланысты индивидуалдық санамен қалыптасқан адамда, жастар болсын, ересек болсын психикасының
күйзеліске ұшырауы әбден мүмкін", -деді әлеуметтанушы Қамажаг Жұмақасова.

Ал, блогер күйзелістің туындауын ақшадан көреді.

"Білмим қазір соңғы кезде жастарда қай жақтан күйзеліс, қай жақтан стресс дейміз ғой. Бұрын бала кезімізде ондайды ата-аналарымыз да білмейтін тұғын. Қазір жастардан сұрашы не болды десең, "стресстен шыға алмай жүрмін" дейді. Оны да түсіну қиындау. Уақыттың кірген дүниесі шығар.
Әйтпесе ең бірінші себебі сол жұмыссыздық. Айтады ғой ақша барлық проблеманы шешеді деп. Сондықтан жұмысың болса, қалтаңда ақшаң болады. Ақшаң болса ешқандай күйзеліс болмайды", - деді блогер Батыржан Ибрагимов.  

Әлем бойынша 350 миллионнан астам адам күйзеліске шалдыққан. Бұл дерт бір елдің ғана емес, бүкіл ғаламдық проблема. Мәселен, 2020 жылы әлемде №1 ауру депрессия болады деп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қаққан еді. Сонымен қатар, бұл аурудың салдары мүгедектікке алып келуі мүмкін деген болжамдар да айтылды. Мамандар депрессияға тап
болғандардың көпшілігінде суицид жасау туралы ой басым болады. Сол себепті де күйзеліс күйін кешіп жүргендерге психологтарға жүгінуге кеңес береді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста