Қазақстанда ипотека бойынша несиелік рақымшылық беру туралы ақпарат тарады: Азаматтарды бұған сенбеуге шақырды

Әлеуметтік желіде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша "кредиттік рақымшылық" жарияланған туралы ақпарат таралды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі таратылған  ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қазіргі уақытта 2007-2008 жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысынан, сондай-ақ ұлттық валюта бағамының әлсіреуінен барынша зардап шеккен ипотекалық қарыз алушылардың жеке санатына көмек көрсету үшін Агенттік 2015 жылдан Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыруда.

 
Осыған орай, бағдарлама талаптары бойынша қаржылық қолдау 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде ипотекалық қарыз алған, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін валюталық ипотекалық қарыз алған қарыз алушыларға көрсетіледі”, – деп хабарлады агенттік.

Мәліметтерге сүйенсек, бағдарламада белгіленген қаржылай көмек шаралары жалғыз баспанасы бар қарыз алушылар және халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) санатындағы борышкерлер үшін пайыздық мөлшерлемені 3%-ға дейін төмендетуді көздейді. Қалған валюталық ипотекалық қарыз алушылар үшін пайыздық мөлшерлеме 12%-дан аспайды.

Бұдан басқа, бағдарлама шеңберінде сыйақы, айыпақы (өсімпұл, айыппұлдар) және комиссиялар бойынша мерзімі өткен берешек есептен шығарылды.

Валюталық ипотекалық қарыздарға қатысты берешекті Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы бағамы бойынша (1 АҚШ доллары үшін 188,35 теңге) теңгеге конвертациялау жүргізілді.

Сондай-ақ, агенттік 2020 жылғы қаңтардан бастап ХӘОТ санатындағы ипотекалық қарыз алушылар үшін қосымша көмек шаралары іске асырылып жатқанын айтты.

Бұл деген сөз мұндай қарыз алушыларға банктер олардың қаржылық және әлеуметтік жағдайын қарастырып, талдау нәтижелерінен кейін қарыз бойынша берешекті төмендету және ай сайын 20 000 теңге мөлшерінде төлем жасаудың кестесін жасайды.

Қарыз алушылардың бұл санатына қолдау көрсету 2021 жылдың соңына дейін аяқталады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста