Синоптиктер 1-3 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтар мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райына солтүстік-батыс антициклоны ықпал етеді. Жауын-шашынсыз күн ашық болады. Күндізгі салқын ауа массалары бірте-бірте жылынады. Тек республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары белсенді фронталь бөліктер бар оңтүстік циклонының ықпалында болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады.
"Қазақстанда жел секундына 15-25 метрге дейін күшейеді, оңтүстікте құмды дауыл тұрады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 1-6 градус аяз күтіледі. Ауа температурасының күндіз батыста және солтүстік-батыста 13-20 градусқа дейін, солтүстікте 7-15 градусқа дейін, республика орталығында 10-20 градусқа дейін көтеріледі, шығыста 0-10 градус жылы, оңтүстік-шығыста 5-18 градус жылы", - делінген хабарламада.