Қазақстанда демалу тиімді болса, шетел асып неміз бар?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Жаз шығып, арқа кеңігендей болды. Жыл он екі ай жұмыс істеп қажыған кез келген адам еңбек демалысын жақсы өткізгісі келеді. Алайда біздің қазақ сол демалыс күндерін тиімді өткізе алып жүр ме? Себебі қазіргі күні Қазақстандағы әрбір екінші адам жыл сайынғы еңбек демалысын ала алмайды. Ал алғандарының өзі демалыс күндерін лайықты дәрежеде өткізе бермейтіні – шындық. Ал мұның кесірі тұрғындар денсаулығының нашарлап, жүйке ауруларына шалдықтырып жататыны тағы бар. Оған жазғы маусымдарда демалыс орындары бағасының күрт қымбаттап кетуі де кері әсерін тигізуде. Сарапшы мамандардың зерттеуіне жүгінсек, қазақстандықтардың жартысынан астамы дема­лы­сын үйінде, болмаса, ауылында өткізеді екен.

Сервис сын көтермейді
Сонда мұның себебі не? Бір ай демалыс алып, тіпті алмай жатқан азаматтарымыз қай­тіп денсаулығын түзей алады? Бұл сауал әркімнің көкейінде жүргенімен, түйіннің шешімі табылмай-ақ келеді. Күнделікті күйбең тірлік пен отбасындағы қаражаттың жетім­сіз­дігі демалуды әзірге бұйыртпай тұр көп қазақ­қа. Яғни демалыс орындары тек қалтасы қалыңдарға ғана арналғандай. Өйткені отан­дық демалыс орындары мен шипа­жай­лар­дың бағасы у-дай болып тұр бұл күні. Соған қара­май, қызмет көрсету мен сервис деңгейі сын көтермейді. Мәселен, Ақмола облысындағы Бурабайды әлем біледі. Бірақ әзірге мұндағы баға саясаты тізгінделер емес.
Берік ЖАНАЛИЕВ, Көкшетау қаласының тұр­ғыны:
– Өзіміздікі ғой деп Бура­байға келіп едім. Бірақ қатты өкініп қал­дым. Тәулігіне 10 мың теңге алған демалыс орнында қызмет көрсету сапасы өте нашар болып шықты. Әрі бағасы да адамның табы­сына шақ келмейді.

Ресми ақпарат көзіндегі мәліметтер Бура­бай­дағы баға тәулігіне 10-17 мың көлемінде екенін растайды. Инфрақұрылым мен жол сапасы да туристердің отандық демалыс орын­дарынан кері бұрылуына әкеп соқтыруда.
Бұдан басқа, әзірге жарнамасы мен жағдайы жүдеу болса да, Зе­рен­ді, Шалқар мен Имантау дема­лыс орындарының да бағасы ша­рықтап тұр. Мұндағы әр орынның орташа құны күніне 6 мыңнан 10 мыңға дейін барады. Ал демалыс аймақ­тарында тұратын халық онсыз да оңбай тұр­ған саланы одан сайын тұқыртып жіберген.
                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)
Мұрат АЛМАСБЕКОВ, Бурабай селосының тұрғыны:
– Көзбен көргенді айтсақ. Жергілікті пысықай бурабайлықтар туристердің қалтасын қағып алуды жақсы меңгеріп алғандай. Көпшілігі ешқандай лицен­зиясыз-ақ демалыс орындарын ашып қойған. Бірқатары, тіпті үйдің іргесінде­гі қора-қопсыларын сырлап-әктеп келу­ші­лерге ұсынатын көрінеді. Ең ақыры, көл жағасына үйіндегі тоңазытқышын шығарып, табыс табатындар да жетер­лік. Ал оның бағасы жай күндердегіден екі емес, төрт-бес есеге дейін қымбат болады.

Құп дейік. Есектің артын жуып мал тапқан заманда халықтың амалдап ақша жасауы заңдылық та шығар. Алайда бұл өңірдегі туризм сервисінің дамуының төмендігін көрсетпей ме? Отанымыздың және шетелдерден келген туристер мен демалушылар мұндай сорақылықта қалай демалады? Бұл туризм кластерін дамыту туралы Елбасының тапсырмасына қанша­лықты әсер етеді. Ресми ақпарат көздері елімізге келетін 10 туристің 9-ы қайтадан Қазақ еліне келмейтіндігін паш етті. Ал сонда Қазақстанда туристердің саны қай­тып көбеймек?
Жеке министрлігі жоқ салада жүйелі­лік­тің де жоқтығы, бәлкім, осыдан шығар. Бәлкім, туризм саласының дамуы үшін оны бір жүйеге келтіріп, жеке министрлік ашу қажет шығар.
Шынарбек БАТЫРХАНОВ, Ақмола облыстық туризм басқармасының басшысы:
– Бұрын туризм басқармасы облыс­тық туризм денешынықтыру және спорт басқармасының ішінде болды. Қазір облыста жеке басқарма бой көтер­ді. Алайда әлі де болса аймақтағы туризм кластерін дамытуда айтарлық­тай тірлік жасалды алмаймыз. Сон­дықтан бұл салада туристік сала­ның басшыларымен қатар басқа да ор­гандар атсалысуы қажет деп санай­мын.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басшылығы туризм сала­сында қызмет көрсетудің сапасы төмен екенін баян етті.
Альберт РАУ, Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі:
– Қазақ туризмін дамыту қажет. Мұндағы сервис пен қызмет көр­сету әлі де төмен. Мәселен, тек Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары­на ғана 82 миллион теңгеге тапсырыс жолданды. Алайда ондағы жолдар мен су мәселесі шешілсе де, демалыс орындары бәсекеге төтеп бере алмай отыр.

Демалыс орындары демекші, қазір барлық демалыс орындарының бағалары қазақстандықтардың орташа табыс дең­гейінен әлдеқайда жоғары екені анық­талып отыр.
Гүлмира БЕКМАҒАМБЕТОВА, «Ақмола-турист» компаниясының менеджері:
– Астанаға жақын болғандықтан, Бурабайдың қызығын тек шенді-шек­пен­ділер ғана көріп отыр. Қазақ­станда туристерді тартуға болатын орындар көп болғанымен, шетелдіктер тек Сары­ағаш пен Бурабайды ғана біледі. Ал басқа шипажайлар мен демалыс орындарында, өкінішке қарай, инфра­құрылым дамымай тұр. Сондықтан ел­дегі туристік кластерді дамыту үшін, ең бастысы, туристік инфрақұрылымы мен қызмет көрсетуді жүйелеу қажет.

Шипажай бағасы шарықтап тұр
Ресми мәліметтерге қарағанда, Қазақ­стандағы ең арзан шипажай қатарына Мер­ке мен Жаңақорған жатады. Онда дема­лыс бір адамға тәулігіне 1500 теңге­ден айналса, Мойылды мен Көктемде – 2000, ал Бурабайдағы Оқжетпес, При­озер­ный мен Алмаз шипажайларындағы 2-4 адам­дық люкс орындары тәулігіне 14-17 мың теңгеден түспей тұр.
Сонда орта есеппен 60-70 мың жала­қысы бар мемлекеттік қызметкер қайтып демалмақ? Дәл қазіргі жағдайда демалу үшін қыруар қаржы жұмсауың қажет, бол­маса үйде отыр. Ал үйде отыра берсең, денсаулығың сыр беруі мүмкін. Сонда қайтпек керек?!.
«HeadHunter Қазақстан» зерттеу ком­па­ниясы жуырда осы мәселеде сауалнама жүргізіпті. Нәтижесі алаңдатарлық. Сауал­намаға жауап берген 2790 қазақстандық­тардың 46 пайызы алған демалысын ше­телдерде өткізсе, ал демалысын енді ғана алғалы отырғандардың 42 пайызы ше­телдерде демалуды жоспарлап отырған көрінеді. Жалпы, сауалнамаға жауап бер­гендердің екі еседен астамы, яғни 39 па­йызы шетелде демалса, тек 16 пайызы отандық демалыс орындарына баруды жөн санаған екен.
Ал тапқаны қапқанынан қалмайтын­дар, яғни респонденттердің 17 пайызы туған-туыстарын аралап, үй жөндеу жұмыс­тары­мен айналысқандарын айт­қан. Көпшілігі, тіпті соңғы рет қашан дема­лыс­қа шыққан­да­рын да ұмытып қалыпты. Ал демалыс алып шетелге шыққандар орта есеппен 1-2 мың АҚШ долларын жұм­сайды. Ал отандық шипажайда дема­лу­шылардың басым бөлігі, яғни 87 пайы­зы 1 мың дол­лар көлемінде шығын шы­ға­ру­ға мәжбүр.
Сандық көрсеткіштердің өзі-ақ қа­зақстандықтардың шетелде демалуға құ­мар екенін айғақтап тұр. Ал «қазақ туризмі туристер келмесе, қайтып дамымақ» д­ген заңды сауал туындайды?

Түйін
Яғни әрбір демалушы сервисі төмен, бірақ бағасы қымбат, отандық демалыс орындарында емес, қызмет көрсетуі де бағасы да қалыпты шетелде демалуды жөн санайды. Сондық­тан туризм саласына жүйелілікті жеткізетін уақыт жеткен сияқты.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста