Қостанай облысында бес ауыл жойылады. Мәслихат депутаттары осындай шешімге келді.
Қостанай облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар облыстың әкімшілік-территориялық құрылымын өзгертуге дауыс берді, деп хабарлайды Alau.kz өңірлік басылымы.
Осылайша, Қостанай, Денисов, Әулиекөл және Қарасу аудандарындағы бес ауылды қысқарту шешілді. Енді Қостанай облысының картасынан Янушевка, Чебендовка, Киров, Братское мен Күленсай ауылдары сызылып тастайды.
Шенеуніктердің мәліметінше, бұл ауылдарда елуден аз адам тұрады.
Мәслихаттың елді мекендерді жою туралы шешімі күшіне енгеннен кейін онда қалған тұрғындар сол маңдағы ауылдарға қарайды.
Бұған дейін осыған ұқсас жағдай Шығыс Қазақстан облысында болған. Қыркүйекте экономикалық тұрғыдан келешегі жоқ деп танылған сегіз ауылдың жойылатыны туралы белгілі болды. Мысалы, Көкпекті аудынаның Комсомол ауылында 18 адам тұрса, Кіші Бөкен ауылында бар-жоғы үш адам тұрады.
Жергілікті биліктің пікірінше, бұндай шағын елді мекендерде қажетті инфрақұрылым жоқ, ал оларды дамыту экономикалық жағынан тиімсіз.