Қазақстанда әуе тасымалы қызметі арзандады

Қазақстанда әуе тасымалы қызметі арзандады

Биылғы жылдың қыркүйек айында жолаушылардың әуе көлігіне төлеген қызмет құны 8,7 процентке төмендеді
Биылғы тоғыз айда отандық әуе компаниялары 3,8 миллион адамды тасымалдады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40%-ке аз. Ал жолаушылар айналымы 2,2 есеге азайып, 5,9 миллиард жолаушы-шақырымды құрады, деп хабарлайды Energyprom.kz.

"Айталық, қыркүйекте 608,5 мың жолаушы әуе тасымалы қызметін пайдаланған, бұл өткен жылғы күздің алғашқы айымен салыстырғанда 20%-ке аз. Сол сияқты қыркүйекте жолаушылар айналымы 941,8 миллион жолаушы-шақырымды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35,5%-ке төмен", &ndash делінген ақпаратта.
Бұған дейін халықаралық әуе көлігі ассоциациясының 2020 жылғы әуе тасымалы трафигін 2019 жылмен салыстырғанда 66%-ке дейін төмендейтінін күтетіні хабарланды.

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компанияларының кірісі былтырғы көрсеткіштен айтарлықтай төмендеген: ақшалай түрде 135,8 миллиард теңгеге дейін қысқарған. Ақпарат көзі мұндай жағымсыз динамика соңғы төрт жылда алғаш рет байқалып отырғанын атап өткен.

"Салыстыру үшін, 2019 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 297,1 миллиард теңгеге жетті. Биылғы жылдың қыркүйегінде жолаушылардың әуе көлігіне төлеген қызмет құны 8,7%-ке төмендеді", &ndash деп жазады басылым.

Биыл әуе тасымалының бағасы тек төрт облыста &ndash Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды және Қостанай облыстарында өсті. Төрт облыста &ndash Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында баға өзгеріссіз қалды. Ал Нұр-Сұлтанда (36,5%), Шымкентте (36,3%) және Маңғыстау облысында (24,7%) баға айтарлықтай төмендеді.

 Жалпы жолаушылардың әуе көлігі қызметі өткен жылмен салыстырғанда 9% -ке арзандады.
 
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста