Қазақстанда 2025 жылға дейін 2 млрд тал егу жоспарланып отыр. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова мәлімдеді.
Кешенді жоспарды орындауға облыстық әкімдіктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, орман ресурсын пайдаланушылардың, халықаралық донорлардың, табиғат пайдаланушылардың және өзге де бастамашы топтар тартылмақ.
Облыстық әкімдіктердің үлесінде - 1,5 млрд тал, Орман қорын пайдаланушылар мен халықаралық донорлардың үлесіне - шамамен 200 млн дана, Орман шаруашылығы комитетіне бағынышты органдарға 300 млн тал егу қажет.
Биыл көктемде ел бойынша 21 600 гектар алаңға 81 млн 510 мың түп тал егілді. Күзде 48 млн 200 мың тал егілмек. Келесі жылы - 244 млн, 2023 жылы - 411 млн, 2024 жылы - 573 млн және 2025 жылы 643 млн тал егіледі. Негізінен, сексеуіл, қарағай, үйеңкі, шегіршін, қайың және тағы басқа ағаш түрлерін отырғызу жоспарланған.
5 жыл ішінде республикалық бюджеттен тал егуге 22 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 60 млрд теңге жұмсалады. Қаражат тиісті техника мен құрылғылар сатып алуға керек.