Қорғаныс Вице-министрі Сұлтан Камалетдинов журналистердің Қазақстан Украинаға бітімгершілік әскерлерін жібере ме деген сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кznews.kz-ке сілтеме жасап.
Камалетдинов мұндай тәуекелдер жоқ деп жауап берді.
- Біріншіден, бұл мемлекеттің қалауымен болатын нәрсе. Екіншіден, әскери контингенттің мемлекеттен тыс кез келген бағытын Парламент мақұлдайды. Егер парламент мақұлдаса, біз ештеңе дей алмаймыз. Біз Қорғаныс министрлігіне ғана жауап береміз, — деп түсіндірді вице-министр.