Еуропа елдері мен Қазақ хандығы арасында сауда-экономикалық байланыс XV ғасырда орнаған екен.
Бұл туралы Астанада өткен ғылыми тәжірибелік конференция барысында белгілі болды. Екі күнге созылған шарада Қазақ хандығының құрылу тарихы, генезис және халықаралық қарым-қатынас мәселелеріне басымдық берілді. Америка, Италия, Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстан сияқты 10 елден келген мамандар жаңалығын жариялап, өзара пікір алмасты. Бүгін тарихшы-ғалымдар Орталық коммуникациялар қызметіне келіп, шараны қорытындылады.