Қазақстан-Қытай шекарасындағы бақылау-өткізу бекеттері жұмысын тоқтатады, деп хабарлады Stan.kz.
"Нұр Жолы" мен "Достық" автомобиль бақылау-өткізу бекеттері 14 маусымда жабық болады.
ҰҚК-нің хабарлауынша, Қытайдағы айдаһар күні мерекесіне орай бекетте жабылады.
"Қытай тарапының 2Дуань-у мерекесін тойлауына байланысты" (айдаһарлы қайықтар мерекесі) Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы өткізу пункттері туралы келісім негізінде Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы, 2021 жылғы 14 маусымдағы "Нұр Жолы" және "Достық" автокөлік бақылау бекеттері жұмыс істемейді", - делінген ҰҚК хабарламасында.