Қазақ халқына алғыс айтқан монумент ашылды

XX ғасырдың жаппай қуғын-сүргін етек алған зұлмат жылдарында қазақ халқы депортацияланған талай ұлыстың ұрпағына пана болғаны белгілі. Тағдырдың жазуымен Қазақстанға келгендердің қатарында корейлер де бар.
Еңбекқор, кішіпейіл халықтың өкілдері еліміздің көркейіп, гүлденуіне лайықты үлестерін қоса білді және қосып та келеді. Әрі олар өздерін қиын-қыстау заманда қабылдап, ас-суын, баспанасын беріп қам­қор болған қазақ ағайынға алғыс­та­рын жаудырудан жалыққан емес. Күні кеше Оралдағы «Мұнайшылар аллеясы­ның» қақ төрінен «Қазақ халқына мың ал­ғыс!» атты монумент ашылды. Бұл игі бас­таманы жүзеге асырған Қазақстан корейлері қауымдастығы. Монументтің ашы­лу рәсіміне Батыс Қазақстан облы­сының әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев, ҚР Парламенті Мәжі­лісінің депутаты Роман Ким және басқа да мәртебелі меймандар қатысты. Салтанатты шарада сөз сөйлеген Роман Ким қазақ халқының кеңдігіне, бауырмал қасиетіне әрдайым бас иетіндігін жеткізді.
– Тағдырдың жазуымен корейлердің қазақ жеріне депортацияланғанына қара­ша айында 75 жыл толады. Бұл бір жағы­нан қасіретті дата болғанымен, біз қазақ халқының дарқандығы алдында басымыз­ды иеміз. Қазақтың арқасында аталарымыз аман қалып, бізді дүниеге әкелді. Қа­зақ­тың қолдауымен біз білім алдық, ма­мандық игеріп, отау құрып, өмірден өз ор­нымызды таптық, – деді Роман Ким.
Нұрлан НОҒАЕВ, Батыс Қазақстан облысының әкімі:
– Біздің облыста 31 этно-мәдени ор­та­лыққа топтасқан 90-нан астам өзге ұлт-ұлыс өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. Бұған Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаевтың сіңірген еңбегі зор.

Әбіш КЕКІЛБАЕВ, Қазақстанның Халық жазушысы:
– Орал жеріне жолым түсіп, облыс өмірінде орны ерекше, қайталанбас оқи­ғаларға куә болдым. Қиын сәтте қол­ ұшын созған қазақ халқына шын пе­йілден алғыс сезімдерін білдірген бар­лық ұлт өкіл­деріне біз де құрметпен қа­раймыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста