«Қазақ титаны» атанған палуан тағы бір рекорд жаңартты
Алматылық Алмат Жұманов 25 тонналық Ан-72 жүк ұшағын қозғалтып, Қазақстан рекордын жаңартты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін 22 наурызда алып лайнерді 6 метрге жылжытқан Алмат бүгін өзінің жеке рекордын бұза алған жоқ. Оған ауа райы сәл кедергі келтірді. Яғни қатты соққан жел Жұмановтың жоспарын жүзеге асырмады.
Дегенмен Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілдері келіп, Алматқа арнайы сертификатты салтанатты түрде табыс етті.
«Қазақ титаны» деген лақап аты бар Алматтың бұл үшінші рекорды екен.
Бұған дейін 112 тонналық теміржол вагонын жылжытса, 300 келілік түйені көтеріп тұрып, үш бірдей мәшинені сүйреген де осы Жұманов болатын.
Алмат Жұманов, рекорд жаңартушы:
– Осы 22 наурызда сол кезде 6 метрге тартып, осы жердегі әскери әуежайда рекорд қойған болатынмын. Соны енді бүгін соны шақырып нақты рекорд қоямыз деген болатынбыз. Бір метрге тарттым мұның өзі еңбек. Келесі жолы енді тағы да рекордтар болады алды. Соған дайындаламын. Енді 300 тонналық полный поезды тартайын деп жатырмын.