Қазақ тілі мен тіл сауаттылығы мәселесінде сізді не толғандырады?

Жақында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жарнамалардағы тілдік қателіктер жайлы ақпаратпен бөліскен еді. Көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігіндегі бұзушылықтар бойынша мемлекеттік органдарға 2018 жылы 12 886, 2019 жылы – 12 900 адам жүгінсе, ал 2020 жылы келіп түскен шағымдар саны 3 442 факті болған.

 
Осы проблемаларды шешу үшін заң жобасы шеңберінде 13 заңнамалық актіге , оның ішінде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекске, "Қазақстандағы көлік туралы" заңға, "тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы", "ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы", "Пошта туралы" заңдарға, сондай-ақ "кинематография туралы"заңға түзетулер енгізу көзделеді.

Мұндай талап мемлекеттік тілді көрнекі ақпаратта міндетті пайдалануды, деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес баяндауды, сондай-ақ деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтіндерінің түпнұсқалығын сақтай отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде баяндауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақ тілі мен тіл сауаттылығында сіз түсінбейтін, қиналатын тақырыптар қандай? Қиындықтар көбіне ауызша сөйлеуде орын ала ма, әлде жазба тілінде ме? Белгілі бір сөздер, тіркестер қалай дұрыс жазылғанын немесе айтылатынын тексеріп, нақтылап жататын кездер бола ма? Ауызша және жзабаша тілде сіз жиі кездестіретін қателіктер қандай? Мысалдар келтірсеңіз.

Синтаксис, грамматикадағы қателіктер, тыныс белгілерді дұрыс қоймау, сөйлеу кезіндегі қателіктер, сөйлем құрай алмау,  сөздің қордың аздығы, жаргон, паразит сөздерді қолдану - осылардың ішінде сізді не мазалайды?

Редакциямызға өз пікіріңізді жазып, сауал жолдаңыз!   

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста