Қазақ теле-радио таратылымы ұлттық спутниктің көмегімен сандық жүйеге көшті

Мансұр ХАМИТ (фото)

Алаш баласы үшін тағы бір жағымды жаңалық: Қазақ телевизиясы DVB-S2 стандартына негізделген заманауи озық үлгіге қол жеткізіп отыр. Енді күллі республика жұртшылығы отандық спутниктің көмегімен республикалық және аймақтық телеарналарды тегін көру мүмкіндігіне ие болады. Салтанатты шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысып, Ұлттық спутниктік сандық телерадио таратылым желісін ресми түрде іске қосты.
Жаңадан іске қосылған спутниктік сандық теле-радио таратылым желісінің қамту аумағы ел аумағының 100 пайызын құрайды. Спутниктік сандық телевизияны іске қосу, бұл ұлттық теле-радио тараты­лы­мын жаңа технологияға көшірудің алғашқы кезеңі болып есептеледі. Бұл жоба Прези­дент­тің тапсырмасы бойынша ел аумағының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сай жүзеге асырылып отырғанын айту керек. Ең бастысы, шалғайда жатқан елді мекен тұрғындары ақпаратқа қол жеткізіп отыр. «Елімізде алғаш рет спутниктік сан­дық теле-радио таратылымы іске қосы­лып жатыр. Біз бұл мәселені бұған дейін де қа­растырған болатынбыз. Ақыры іске асы­рылды. Енді республикамыздың барлық тұр­ғындары, оның ішінде шекараға жақын ау­мақта орналасқан елді мекен тұрғындары спут­никтік байланыс арқылы 37 респуб­ли­калық және аймақтық телеарналарды тегін көру мүмкіндігіне ие болды.
    Мансұр ХАМИТ (фото)
Осылайша, ел жұртшылығын толық­қанды ақпаратпен қамтамасыз ете алып отырмыз», – деп атап өтті Нұрсұлтан На­зар­баев желіні іске қосатын қызыл түймені басып жатып.
Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта сынақтық режимде көрсетіліп жатқан тегін топтамаға 18 республикалық, 14 облыстық телеарна мен үш радио желісі енгізілген. «Сонымен қатар абоненттер ақылы топта­ма негізінде 50 шетелдік телеарналарды да көре алады. Бұл үшін Алматы, Астана және Орал қалаларындағы қабылдап-таратқыш үш стансыны заман талаптарына сай толықтай жаңартып шықтық. Сондай-ақ «Қазақстандық телекоммуникациялар» АҚ-ның спутниктік желісі жаңа DVB-S2 MPEG4, 8PSK стандарттарына көшірілді», – дейді Байланыс және ақпарат ми­нистрі.
Отандық теле-радио жүйесін жаңа форматқа көшіру арқылы спутниктік ресурстарды оңтайландыру, стандартты арналардың санын арттыру, облыстық телеарналарды тәулігіне 14 сағат бойы (бұрын 1 сағат) хабар тарата алатын НD форматындағы жүйемен қамтамасыз ету мүмкіндігіне қол жеткізіп отырмыз. Енді бағдарламаларды жаңа стандартта көру үшін «Кателко плюс» спутниктік желісінің абоненттері жаңа қабылдағыштар алулары керек болады. Жаңадан қосылатын або­нент­тер дилер компаниялардың көмегіне жүгіне отырып, арнайы қабылдағыш қон­дыр­ғылар арқылы жаңа форматтағы эфир жүйесіне қол жеткізе алады. Ал басқа спутник арқылы ақпарат алып отырған абоненттер сигнал қабылдағыш табағына қосымша DVB-S2 MPEG4, 8PSK стандар­тындағы жаңа қабылдағыш орнатып, оны Intelsat 904 спутнигіне бағыштаса жеткілікті. Яғни, ел азаматтары арнайы құрал-жабдықтар сатып алулары қажет. Мұндай құралдың бағасы 22 мың теңге шамасында болады екен. «Қымбат емес, сонымен қатар біз әкімдіктермен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отба­сылар­ға құрал-жабдықтарды тегін беру тура­лы келісімге келдік», – дейді министр.
Заманауи үлгідегі жаңа жүйеге қол жеткіздік деп қарап отырған болмас, әрине. Сол себепті, Мемлекет басшысы телеарнаға қажетті соңғы буын жабдықта­рын өзімізде өндіру керек деген тапсырма берді. «Қажетті жабдықтарды енді өз елімізде өндіру керек. Танымал өндіруші компаниялармен тығыз жұмыс жасау қажет. Бұл, ең алдымен, елге керек. Қазақ­станның түкпір-түкпірінде, алыс жерлерде орналасқан халқымыз еліміздің телеар­наларының хабарларын көре алмайтын. Енді осының барлығы қазір қолжетімді болды. Бұны үлкен жетістік деп санай­мын»,– деді Президент.
Бұл үлкен жобаның бастамасы ғана болса керек. Асқар Қуанышұлы сөз арасында Ұлттық теле-радио таратылым желісінің келесі кезеңінде аналогтық желідегі эфирлік хабар таратуды DVB/T2 стандартындағы сандық стандартқа ауыстыру міндеті тұрғанын айтып өтті. «Бұл жоба – 2011-2014 жылдар аралығында шешілетін шаруа», – деді министр мырза.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста