Қазақ ғалымын әлем таныды

Қазақ ғалымын әлем таныды

Қазақ ғалымы физиология ғылымының лимфология са­ла­сы бойынша Еуропаның жо­ғар­ы оқу орындарында дәріс оқитын бо­лады. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қа­ра­ғанды мемлекеттік университетінің «Бе­йім­делу физиологиясы» зертхана­сы­ның мең­ге­ру­шісі, биология ғылымының докторы Нұркен Мыр­заханұлының еңбектерін батыс ғылымы жа­ңалық деп бағалады. Жуырда қазақ ғалы­мы әйгілі Вена университетінің құрметті профес­со­ры атанды.
Еуропа Нұркен Мырзаханұлының ғылымға қосқан үш жаңалығын айырықша бағалап отыр. Олар – ағ­за­дағы сөл алмасудың реттелуі туралы, лимфа түйін­де­рі­нің жиырылу қасиеті жайлы және білім туралы білім – эдукологияға қатысты зерттеулер. Ғалым 2006 жылы Ха­лықаралық «Кәсібім – өмірім» сыйлығын «Медицина жә­не биология саласын дамытудағы айрықша еңбегі үшін» аталымы бойынша жеңіп алған еді. Көп ұзамай Мыр­заханұлы еңбектерін әлем танып, Оксфорд уни­вер­ситеті ғылыми кеңесінің шешімімен оған Халық­ара­лық Сократ сыйлығы да берілді. Енді, міне, Еуропа­да­ғы ең көне әрі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі – Вена университеті қарағандылық ғалымға құр­метті профессор атағын беріп отыр. Бұл мәртебе био­лог­тың батыстың жоғары оқу орындарында дәріс оқуына жол ашады.
Нұркен МЫРЗАХАНҰЛЫ, биология ғылымының докторы, профессор:
– Еуропалық ғалымдар менің лимфологиядағы сөл тамырларына қатысты зерттеулеріме қызығушылық танытып отыр. Адам ағзасында қан айналымы сияқты сөл тамырларының да жүйесі болады. Мен сөл тамыр­ла­ры және сөл тасымалдау жүйесіне қатысты арнайы тұ­ғырнама түздім. Оның тобықтай түйіні мынау: қор­ша­ған ортаның бүлінуімен бірге біздің ағзамыз түрлі лас заттарға толады, осы заттар сөл тамырларының жұ­мысына кедергі келтіреді. Ал ағза жас кезінде бұл жү­йе үнемі тазартылып отыруы керек. Мен өз еңбегімде осы­ны қажет жағдайда қалай реттеуге болатынын жә­не оны қолданудың қандай ауруларды емдеуде пай­дасы бар екенін анықтадым. Сөл тамырларын тазарту ар­қылы емдеу тәсілі Ресейде қолданысқа енген. Жалпы, бұл – қызықты әрі күрделі тақырып.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста