Қазақ ғалымдары Антарктидаға экспедиция жасайды

Қазақ ғалымдары Антарктидаға экспедиция жасайды

Қазақ географиялық қоғамы Антаркти­да­ға ел көк байрағын тігуді жоспарлап отыр. Бұл – географтардың Қазақстан Тәуе­л­­сіздігі­нің 20 жылдығына арналған тартуы. Қазақстан­дықтардың Жердің ең таза құрлығын бағындыруы Антарктиданы иге­ру­дің 100 жылдығымен де тұспа-тұс кел­мек.
Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтылған­дай, Жердің оңтүстік полюсіне тұңғыш қазақстандық автокөліктік экспедициясын ұйымдастыру Астана әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаны әзірлеу аясында күрделі қайта құру шараларынан өткен автокөліктер бірінші Антарктидаға, сосын «Новолазаревская» бекетіне жеткізіледі. Автокөліктер 2308 шақырым жерді құрайтын «Новолазаревская» бекеті – Оңтүстік полюс» маршрутын 108 сағатта жүріп өтіп, әлем рекордын жаңартпақшы. Экспедиция қатысушылары ең таза құрлықтың метео-экологиялық жағдайын зерттеп, Қазақстанға Антарктидадан жаңа ғылыми жаңалықтар сыйлайды деп күтілуде. Ғаламтор пайдаланушылары экспедиция барысын онлайн режимінде бақылай алады. Антарктидадағы оңтүстік нүктеге 1911 жылы, тура бір ғасыр бұрын норвег сая­хат­шысы Руаль Амундсен адамзат тарихында алғаш болып жеткен еді. Қазақстан ғалымдарының экспеди­циясы осы айтулы оқиғаның 100 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Антарктидаға жасалатын сапар мектеп және жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасына енгізілмекші.
Орденбек МАЗБАЕВ, Қазақ география­лық қоғамы ғылыми кеңесінің мүшесі, профессор:
– Біздің ендігі мақсатымыз – Қазақстан Тәуел­сіз­дігінің 20 жылдық мерейтойына арнап, жердің оңтүстік нүктесіне, яғни Антарктидаға қазақтың көк байрағын тігу. Бұл шара 26 қазанда басталса, 16 желтоқсанда оңтүстік нүктеге ту тігіп, ал ғылыми жорықтың қорытынды бөлімін 26 желтоқсанда Астана қаласында аяқтауды көздеп отырмыз. Күні ертең осы шараға байланысты ғалымдар кеңесі өтеді. Сонда Антарктидаға баратын адамдардың толықтай тізімі белгілі болады. Біздің негізгі мақса­тымыз – еліміздегі ғылыми ізденістерге қолдау көр­сету.
Қазақ географиялық қоғамы Қазақстан Журналис­тер одағымен бірлесе отырып, кәсіби журналистер мен фототілшілер арасында ашық көркемдік байқау да ұйымдастырып отыр. Байқауға еліміздің табиғаты, тарихы, географиялық жағдайы, көркемөнер, эколо­гия және осы салаларға үлесін қосқан тұлғалар жайлы материалдар қатыстырылады. Журналистер мен фото­тілшілердің еңбегі байқауда жеті түрлі аталым бойынша сараланады. Мақалалар мен фото, бейне­ма­териалдар 2011 жылдың қазанына дейін Алматы қаласы, Фурманов көшесі, №122 үйге немесе pressclub@­nursat.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс. Байқау жеңімпаздары Қазақ географиялық қоға­мы және Қазақстан Журналистер одағының диплом­да­рымен марапатталып, ақшалай жүлделерге ие болады. Байқаудың жүлделік қоры 1 400 000 теңгені құрайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста