Алдағы айдан бастап, Астанада жылу мен ыстық су 10 пайызға қымбаттайды.
Сөйтіп, жылудың гигакалориясы шамамен 3 мың теңгені құрайды деп хабарлады «Хабар-24» телеарнасы.
Бұл — шілдедегі бағамен салыстырғандағы көрсеткіш. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Айтпаев осылай деді. Мамандар «Астана энергия» кәсіпорнының тиісті қондырғыларды жөндеуден өткізбегенін анықтаған. Осылайша мекеме тұрғындарға 96 млн теңге қарыз. Бірақ бұл ақша төмендетілген тарифтің есебінен келер жылдың шілдесіне дейін қайтарылады.
Нұрлан Айтпаев, ҚР ҰЭМ ТМРжБҚК Астана қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы:
— Астана энергия АҚ инвестициялық бағдарламада қарастырылған шараларды іске асырмағаны үшін тарифті төмендеттік. Негізі бұдан сәл көбірек болу керек еді. 1-қазаннан бастап, 1 гигакалорий жылу үшін тариф 2912 теңге болып бекітілді, яғни 9,87 пайызға қымбаттады.