Қауіпсіздік кеңесі ауылды алғы шепке шығарды

Қауіпсіздік кеңесі ауылды алғы шепке шығарды

Мемлекет жыл басынан бері ауыл шаруашылығын дамыту үшін 500 млрд теңге бөлді. Бидай өсіру көрсеткіші бойынша әлемде бірінші орынға шықтық. Жан басына шаққанда, бір тоннадан асады. Соған қарамастан, соңғы жылдары өндірісте ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі төмендеп кетті. Сондықтан осы мәселелердің бәрін дер кезінде шешу қажет. Кеше Ақордада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне байланысты өткен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы жайларды мәлімдеді.
«Жоспарға сәйкес, біз бүгін еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жол­дарын қарастырамыз. Аграрлық сала­да Қазақстан әлем бойынша елеулі орын­ды иеленуі тиіс. Ол үшін көп жұмыс істеуіміз керек. Бұл – бірінші. Екіншіден, ауыл ша­руашылығын экономиканың иннова­ция­лық салаларының бірі ретінде дамытуымыз қажет. Бұл – алдағы 10 жылдағы стра­тегиялық міндет», – деді кеңесті ашқан Мем­лекет басшысы. Сондай-ақ Президент ауыл шаруашылығы өнімдеріне берілетін субсидия мен экспорт көлемін ұлғайту қажеттігін атап көрсетті. «Біз аграрлық ке­шенді тұңғыш рет бірінші орынға қойып отырмыз. Бүгін осы мәселені талқылап, тиісті шешім қабылдаймыз», – деді ол.
Дегенмен соңғы жылдары елімізде азық-түлік қауіпсіздігі айтарлықтай ны­ғайып келеді. Соған қарамастан, импортқа деген тәуелділіктен құтылмай келеміз. Оны ауыл шарушылығы министрі Ақылбек Күрішбаев та мойындап отыр. Оның ай­туынша, ішкі нарықтағы сұранысты майлы дақылдар – 75 пайызға, ал қант қызыл­шасы, бар болғаны 6 пайызға ғана қам­та­масыз етеді екен. «Біз сүт өнімдерінің – 40 пайызын, ет өнімдерінің – 29 пайызын, сондай-ақ жеміс-жидек, көкөніс өнім­де­рінің 43 пайызға жуығын сырттан әкелеміз. Ал құс еті бойынша импортқа толық тәуел­діміз деп айтуға болады. Бүгінгі таңда осы өнімнің 67 пайызын сырттан тасудамыз», – деді ол. Алайда министрдің айтуынша, мұның бәрі уақытша ғана. «Ең алдымен, бізде өңдеуші кәсіпорындарға қажетті сапалы шикізат жоқ. Екіншіден, өңдеуші кәсіпорындарды бәсекелестер деңгейіне дейін көтеру қажет. Қазір Үкімет осы екі міндет бойынша жұмыс істеп жатыр. Осы­ған байланысты «ҚазАгро» холдингі сүт фермалары мен мал бордақылау алаң­дарын салу, тамшылатып суару және көкө­ніс шаруашылығын дамыту жобаларын жү­зеге асыруда. Жылыжайларда ерте пі­се­тін көкөністер өсіріледі. Демек, біз елімізді ерте пісетін көкөністермен және қайта өңдейтін шикізатпен қамтамасыз ету мәселелерін шеше аламыз деген сөз» деген ол сыртқы нарыққа тәуелді салалар­дың барлығы қайта қаралатынын айтты. «Оларға баса назар аударылады. Ауыл шаруашылығындағы тұтыну нормаларына сәйкес, алдағы уақытта ішкі сұраныс азық-түлік, бидаймен, күрішпен, жарма дақыл­дарымен, бау-бақша өнімдерімен, кар­топ­пен, ет-сүт және жұмыртқамен толық қамтамасыз етіледі», – деді А.Күрішбаев. Ол үшін алдымен ауыл шаруашылығы өнімдерін субсидиялау механизмін өзгер­ту керек екен. Осылай деген министр суб­сидия бұрынғыдай 1 келі ет немесе 1 литр сүтке берілмейтінін, керісінше, енді қайта өңделетін салаға бағытталатын ет пен сүт өнімдері ғана субсидияланатынын мәлім етті.
Сонымен қатар ол сырттан келетін азық-түлік тағамдарына салынатын кеден­дік баж салығының да көбейтілетінін айт­ты. «Еліміз кедендік-тарифтік саясатты рет­теу жөнінде қажетті шараларды қабыл­дап жатыр. Негізгі азық-түлік тағамдары бойынша техникалық регламент енгізіледі. Осылайша біз ішкі рынокты реттеп, оны импорттан қорғайтын боламыз», – деді министр.
Кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді дамы­ту, соның ішінде ең осал саламыздың бірі – қайта өңдейтін кәсіпорындарды дамыту туралы ауыл шаруашылығы министрінің алдына нақты міндеттер қойды. «Инвес­ти­циялық жобаларды жүзеге асыру ба­ры­сында «ҚазАгро» холдингіне бөлінген қар­жыны дұрыс ұқсату, жерді және суды тиім­ді пайдалану тапсырылған. Осы ша­ралардың арқасында біз еліміздің азық-түлік қауіп­сіздігін нығайтып, ауыл шаруа­шы­лығы өнім­дерінің экспорттық әлеуетін ұл­ғайта аламыз», – деді Мемлекет бас­шы­сы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста