Алматы ПД мейрамханада даяшының бетінен жұдырықпен ұрған ер азаматтың ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша даяшыны ұрған азаматтың кім екені анықталған.
“У. есімді 29 жастағы ер азамат қолға түсті. Қазіргі таңда ол Медеу аудандық полиция бөліміне жауап алу үшін жеткізілді. Кінәлі азамат жауапкершілікке тартылады”, – дейді ол.
Оқиға бойыша “Бұзақылық” бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сот-медициналық сараптамасының нәтижесінде проссуалдық шешім шығарылады”, – деп қосты полиция өкілдері.
Бұған қоса, полицейлер кінәлі азаматтың кешірім сұрағанын жеткізді.
“25 күні 10:00-де мейрамханаға таңғы ас ішуге келгенмін. Даяшы үстіме байқаусызда кофе төгіп алды. Сол үшін мен оны ұрдым. Қатты ұрған жоқпын. Бірақ бұл дұрыс емес екенін түсініп тұрмын. Кешірім сұраймын”, – дейді айыпталушы.