Қатты аяз адамды қойып, аңдарды да қыспаққа алды

Қатты аяз шығысты әбден қыспаққа алды. Семейде де ауа температурасы бірнеше күн бойы -35, -40 градустан түспей тұр. Қаһарлы қыстың  әсері адамды қойып, жан-жануарларға да қиын тиіп тұр. Осыған байланысты биологиялық орталық басшылығы  тұяқты жануарларға қатысты сақтық шараларын күшейтуге кірісіп кетті. Күн райының оң қабақ танытпасын сезгендіктен, мекемедегі  мамандар Оңтүстік Америкадан әкелінген ламаға арнайы «киім» тігуге мәжбүр болды.

Тігілген бүркеніш ат жабу деп аталады. Әдетте мұндай жамылғыны жылқы малына арнап дайындайды екен. Орталық мамандары Цезарь есімді ламаға осы жамылғыны жапты. Жұпыны болғанымен, өте жылы. Ат жабуды мекеме қызметкерлері өз қолдарынан әзірлепті. «Ламаның отаны Оңтүстік Америка болғандықтан, қатты суық кезінде оны сақтап қалу үшін  жамылғының атқаратын рөлі ерекше», – дейді орталық қызметкерлері.

Лама – оңтүстік аймақтан әкелінген, соған қоса, қысты далада, ашық жерде өткізетін  бірегей жануар. Осыған байланысты  зоологтар оған ерекше мән беріп, қатаң бақылауға алған. Әйтсе де Цезарь біздің климатқа жақсы бейімделіп келеді екен. Ол Семейге осыдан төрт жыл бұрын  Алматы хайуанаттар бағынан жеткізіліпті. 

Құралай ТОЙШЫБАЕВА, зоолог:
– Біздің осылай күтіп-баптауымызға лама әбден үйреніп алған. Ол сондай мейірімді әрі ерке хайуанат. Үстіне киім кигізгенде де тыпыр етпей тұра берді. Тіпті осы сәтті қатты күткен сыңай танытты десек те болады.  Соған қоса, түнде суықта, әсіресе, 40 градус аязға төзу үшін есігін жауып, жылылап қойдық. Астына төсеніш ретінде сабанды қалыңдап салдық. Біз тек ламаға ғана емес, тұяқты жануарлардың барлығына барынша  қамқорлық жасаудамыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста