Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларын ресми қарсы алу рәсімі Сиань қаласындағы Лотос саябағында өтті.
«Орталық Азия – Қытай» саммитінің негізгі іс-шаралары ертеңге жоспарланған.
Бүгін «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысушылардың құрметіне Лотос саябағында театрландырылған қойылым көрсетілді.
Еске сала кетейік, қазір Мемлекет басшысы Қытайда ресми сапармен жүр.