Қарттар үйінде хайуанаттар мұражайы ашылды

Қарттар үйінде хайуанаттар мұражайы ашылды

Қызылордалық Владимир Ялов көптен бері жинап жүрген дүниелерін топтастырып, шағын зоологиялық мұражай ашты. Онда Сырдың бойын мекен еткен көптеген аң мен құстың тұлыбы қойылған.
Айта кетерлігі, мұражай қаладағы қарттар мен мүгедектер үйінің бір бөлмесінде тұсауын кесіп отыр. Бір кездері табиғаттың жанашыры болған жан қазір аталмыш орынның дәм-тұзын татуға мәжбүр болып отыр. Әуесқой жан өзінің иелігіндегі аң мен құстың бірде-біріне оқ жұмсамаған. Қайта шалажансар күйде қалған жан-жануарды осындай қажетке жарата білген.
В.Ялов бұл іспен отыз жылдан бері айналысып келеді. Содан бері осы қызықты тіршілікке бейжай қараған емес. Аң мен құстың тұлыбын жасау оңай шаруаға жатпайды. Оған біршама уақыт кетеді. Тіпті кейбір дүниелерді кәдеге жаратуға бір айға жуық уақыт керек. Алайда оған жалықпайды. Қайта әрбір жасалған іс мерейін өсіре түседі.
Жақында табиғат жанашырының бұл туындылары облыстық «Шексіз әлем» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың фестивалінде ең үздік қолөнер шебері деген номинацияға ие болды. Екінші топтағы мүгедек болғанымен, ол бұл тіршілігін алдағы уақытта да жалғастыра беруді қалайды.
Владимир ЯЛОВ, қолөнер шебері:
– Бұл кәсіп менің өмірімнің бір бөлшегіне айналып кеткендей. Жұрт тұлыпқа тек мақұлықтың жансыз бейнесі ретінде қарайды. Дегенмен оған табиғаттың бір бөлшегі ретінде қарау лазым. Шындығын айтқанда, қазір аң мен құсты орынды-орынсыз мылтықтың шүріппесіне байлайтын адамдар аз емес. Менің кез келген табиғат байлығына жаным ашиды. Сондықтан осы ісімнен ләззат аламын деуге болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста