«Қарлығашқа» қамқорлық

«Қарлығашқа» қамқорлық

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде тағдыр қыспағына алынған, бүгінде Алматыдағы №1 балалар үйінің «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілері үшін қайырымдылық кеші өтті.
Бүгінгі қоғамда ата-анасының қамқо­рын­сыз қалған жетім-жесірлердің көбе­йіп кеткені кімді де болсын алаң­дат­пай қой­масы анық. Олардың жай-күйі жанашыр жандардың, атымтайжомарттардың есінен шыққан емес. Қасиетті Құран Кәрім­нің «Ниса» сүресінің 9-аятында: «Кім­де-кім артында қалатын ұсақ (жас) бала­ла­рына қандай қамықса, басқалар­дың же­тім қалған ұсақ (жас) балалары үшін де сон­дай қамықсын. (Жетімдер туралы) Ал­ладан қорқып, турасын айтсын», – делін­ген. Осындай ізгілікті ұстанған университет ұстаздары мен студенттері жуырда кезекті қайырымдылық шарасын өткізді.
Оқу орнындағы Теориялық және қол­данбалы тіл кафедрасының «Тағылым» клу­бы ұйымдастырған шараға балалар үйі­нен 20 бала шақырылды.
Білікті ұстаз Фариза Қарақұлованың жетек­шілігімен өткен кеш барысында ба­ла­ларға сту­денттер дайындаған кон­церт­тік бағ­дарлама ұсынылды. Кеш соңын­да қонақтарға сый-сияпат көрсе­тіліп, сту­дент­тердің өздері жинаған қаржы­­лай көмегі тапсырылды. Осындай игі шара­ларға бас­тамашы болып жүрген универ­ситеттің фи­ло­логия факультетінің деканы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы бұл бағыттағы қайы­рымдылық акциялары алдағы уа­қыт­та жалғасын табатынын атап өтті. Кеш соңында балаларды ертіп келген топ тәр­биешісі Гүлбаршын Құрманбекқызы ұй­ым­дастырушыларға, жас студенттерге ал­ғысын білдірді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста