Қарақшы cтудент қолға түсті

Жамбыл облысында өткізілген «Іздестіру» жедел іс-шарасының нәтижесінде, бұрын іздеу жарияланған бірнеше қашқын қолға түсті.

Операцияның соңғы күні Жол полициясы басқармасы жедел-іздестіру бөлімінің қызметкерлерімен бұрын іздестіру жарияланған, ұрлық және қарақшылық үшін сотты болған 27 жасар Тараз қаласының тұрғынын қолға түсірді. Ұйымдасқан топпен бірге қарақшылық жасағаны және денсаулыққа ауыр зардап келтіргені үшін Ресей Федерациясына қарасты Томск қаласының Ішкі істер басқармасында іздеуде жүрген 27 жасар азаматты Тараз қаласы ІІБ қызметкерлері 40-ыншы диірмен ауданындағы Техникалық жөндеу орталығынан ұстады. Тараз қаласының тумасы Дмитрий Томск колледжінің білімгері бола жүріп, қылмыстық топпен байланысып, «Камаз» жүргізушісіне қаруланған қарақшылық шабуыл жасаған. Қолға түскен ол ешқайда шықпау туралы қолхатпен жүрген. Студент-қарақшы амалын тауып, Тараз қаласына қашып келген. Қашқын 2009 жылы облыс орталығында куәлігін жоғалтып, аты-жөнін ауыстырғандығы анықталды. Кейін еш қиындықсыз ТЖО-ға жұмысқа орналасады. Алаңсыз жұмыс істеп жүрген жерінде құқық қорғау органдарының құрығына ілікті. Іздестіру операциясы екі жылға созылған.

Дамир СЕМБИЕВ, Тараз қалалық ішкі істер бөлімінің аға лейтенанты:
– Қашқынның аты-жөнін өзгертуі іздестіруді қиындатты. Бірақ біз оны жұмыс орнынан ұстадық. Қазір ІІБ қажетті тергеу жұмыстарын жүргізуде. Күдікті қасақана қастандық жасағаны үшін 15 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста